ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Судың "қара нарығына" қарсы ведомствоаралық шарала...

Судың "қара нарығына" қарсы ведомствоаралық шаралар қабылданды

Әлеумет 03.02.2026, 08:55 262
Судың "қара нарығына" қарсы ведомствоаралық шаралар қабылданды
Сурет: Gov.kz
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Бас прокурор Берік Асыловтың төрағалығымен өткен судың «қара нарығына» қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңеске қатысты, -...

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Бас прокурор Берік Асыловтың төрағалығымен өткен судың «қара нарығына» қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңеске қатысты, - деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Cала министрлігінің мәліметінше, жиынға сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен экология және табиғи ресурстар министрлері, құқық қорғау органдарының басшылары және облыс әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

Уәкілетті мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары заңсыз су алу фактілерін жою бағытындағы бірлескен іс-қимыл мен жоспарларды талқылады. Кеңесте анықталған заңбұзушылықтар, қабылданған шаралар және рұқсатсыз су пайдалануға қарсы күрестің соңғы нәтижелері туралы баяндамалар тыңдалды. 

Мемлекет басшысының судың «қара нарығын» жою жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Бас прокуратура Жол картасын әзірледі. Онда су ресурстарына аудит жүргізу, заңсыз су алу қаупі жоғары аймақтардың картасын жасау, су шаруашылығы инфрақұрылымын дамытуға бөлінген қаржыға тексеру жүргізу, су үнемдеу технологияларын енгізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар көзделген.

Сонымен қатар республикалық және өңірлік деңгейлерде ведомствоаралық жұмыс топтары құрылады. Олардың құрамына жедел-іздестіру өкілеттігі мен тиісті құралдары бар құқық қорғау органдарының өкілдері кіреді.

Жұмыстың тағы бір маңызды бағыты – суармалы суды басқару және бөлу процестерін цифрландыру, сондай-ақ цифрлық және спутниктік мониторинг пен есепке алу құралдарын енгізу болмақ. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл күшейтіліп, құқық қорғау және мемлекеттік органдар арасында міндетті деректер алмасу қамтамасыз етіледі. 

Аграрлық салада су пайдалану лимиттерінің сақталуына және өсірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру бойынша белгіленген көрсеткіштердің орындалуына толық бақылау орнату жоспарланып отыр. 

«Өткен жыл судың «қара нарығын» жою үшін кешенді шаралар, яғни уәкілетті мемлекеттік және құқық қорғау органдарының үйлестірілген іс-қимылы қажет екенін көрсетті. Құқық қорғау жүйесінің өзегі саналатын прокуратура органдарының қолдауы аса маңызды. Заң бұзған бірде-бір адам жазасыз қалмауы тиіс. Әзірленген Жол картасы осы бағытта тиімді құрал болады деп сенемін», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,424 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.