ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Керек кеңес / Субұрқақтар денсаулыққа қандай қауіп төндіреді?

Субұрқақтар денсаулыққа қандай қауіп төндіреді?

Керек кеңес 27.07.2022, 11:57 2,184
Субұрқақтар денсаулыққа қандай қауіп төндіреді?
Сурет: NUR.KZ
Әр түрлі инфекцияларды жұқтыру қаупі бар.

Әр түрлі инфекцияларды жұқтыру қаупі бар.


Өйткені, ондағы судың құрамына денсаулыққа айтарлықтай зиян келтіретін түрлі химиялық заттар қосылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



Жазда балалардың сүйікті ойын-сауықтарының бірі – субұрқақтарда шомылу. Фонтанды шомылуға арналған орын ретінде ересектер де пайдаланатын кездер болады. Мұндай зиянсыз ермек өте қауіпті. Мәселе мынада, қалалық субұрқақтардағы су шомылуға арналмаған. Оның құрамына денсаулыққа айтарлықтай зиян келтіретін түрлі химиялық заттар қосылады. Әртүрлі инфекцияларды жұқтыру қаупі бар. Сіз тек жұқтырып қана қоймай, кейіннен ауруды таратуыңыз да ықтимал. Фонтанда шомылу жіті ішек инфекциясына, респираторлық инфекцияға әкелуі мүмкін, ал негізгі қауіп – энтеровирустық, ротавирустық инфекциялар, сондай-ақ А вирустық гепатиті.



Жыл сайын жазғы кезеңде, мамырдан қыркүйекке дейінгі айларда, вирустық санитарлық-химиялық және бактериологиялық көрсеткіштерге су сынамаларын ала отырып, субұрқақ кешендерінің су сапасына мониторинг жүргізіледі.


Бүгінгі таңда елімізде 643 субұрқақ жұмыс істейді, оның 318-і (49,4%) зертханалық бақылаумен қамтылған. Ағымдағы жылғы өткен кезеңде вирусологиялық көрсеткіштерге 197 су сынамасы, бактериологиялық көрсеткіштерге 76 су сынамасы және санитариялық-химиялық көрсеткіштерге 47 су сынамасы алынды. Сәйкес келмейтін сынамалардың негізгі көлемі (9,1%) вирусологиялық көрсеткіштер бойынша анықталған.


Зерттеу нәтижелері бойынша рұқсат етілген мәндерден ауытқулар Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласында анықталды. Қалған өңірлерде зерттелетін су сынамаларының нәтижелері нормаланатын көрсеткіштер шегінде. Су мониторингінің нәтижелері бойынша шаралар қабылдау үшін жергілікті атқарушы органдарға, аумақтық полиция департаменттеріне, сондай-ақ бұрқақтарға қызмет көрсететін ұйымдарға ұсынымхаттар жолданды.



«Құрметті азаматтар! Сақтық шараларын сақтауға, субұрқақтарда шомылудан аулақ болуға, өзіңізді және жақындарыңызды инфекция қаупіне ұшыратпауға кеңес береміз. Балаларыңызға субұрқақтарда шомылудың қауіптілігі туралы түсіндіріңіз», - деген ақпарат таратты Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.