ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Нарық / Субсидия өтінімдерін қабылдайтын платформалар тиім...

Субсидия өтінімдерін қабылдайтын платформалар тиімсіз бе?

Нарық 20.03.2023, 10:52 1,371
Субсидия өтінімдерін қабылдайтын платформалар тиімсіз бе?
armiyahelp.ru
Сенат депутаттарының сауалына жауап берген Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Qoldau.kz платформасын Gosagro.kz-пен бірге субсидия өтінімдерін...

Сенат депутаттарының сауалына жауап берген Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Qoldau.kz платформасын Gosagro.kz-пен бірге субсидия өтінімдерін қабылдауға пайдалану тиімсіз деп есептейтінін мәлім етті, деп хабарлайды  almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Бұған дейін Сенат депутаттары Gosagro.kz мемлекеттік субсидиялаудың ақпарат жүйесінде кемшіліктер бар деп есептейтіндерін атап, ондағы кемшіліктер жойылғанша орнына Qoldau.kz платформасын пайдалана тұруды ұсынған болатын.


Серік Жұманғарин жауабында сол ұсынысқа байланысты Үкмет ұстанымын білдірген.



«Ауыл шаруашылығы министрлігі Gosagro.kz мемлекеттік субсидиялаудың ақпарат жүйесіндегі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден субсидия өтінімдерін қабылдау кезінде туындаған бүкіл ақауларды толығымен жойды. Қазіргі таңда ақпарат жүйе штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Түскен өтінімдер саны –5 500, Олардың сомасы – 17,4 млрд теңге. Жергілікті атқарушы органдар соның 1,3 млрд теңгесін мақұлдады», - деп жазылған жауапта.



Вице-премьердің айтуынша, мөлшерлемені субсидиялауға қаржылық институттардан 4 млрд теңгенің өтінімі түскен.



«Түркістан, Қарағанды, Атырау, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында ақпан айынан бастапауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге тиісті субсидиялар төлене бастады. Сонымен бірге Gosagro.kz мемлекеттік субсидиялаудың ақпарат жүйесіне кіріп, өтінім рәсімдеу ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге де, жергілікті атқарушы органдарға да тегін екенін атап өту керек. Осы айтылғандарды ескерсек, «Qoldau.kz» платформасын субсидия өтінімдерін қабылдауға Gosagro.kz ақпарат жүйесімен қатар пайдалану тиімсіз», - деп жазады Серік Жұманғарин.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,432 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.