AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Су бұрқақтағы балаларды құтқарған студентті марапа...

Су бұрқақтағы балаларды құтқарған студентті марапаттады

Оқиға 25.06.2021, 09:25 2,428 Almaty-akshamy.kz.
Су бұрқақтағы балаларды құтқарған студентті марапаттады
Сурет:Gov.kz.

Су бұрқақтағы балаларды құтқарған студентті марапаттады


Адамдарды құтқарудағы батылдығы үшін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің бұйрығымен Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің 2-курс студенті Абылай Балапанов «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталды, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz.ТЖМ таратқан хабаорға сілтеме жасап.



Марапатты Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев табыстады.


«Төтенше жағдайлар министрінің атынан Сізге белсенді азаматтық ұстанымыңыз үшін ризашылығымды білдіремін! Сіз-бүгінгі күннің батыры атағына лайықтысыз. Сын сағатта екінің бірі Сіз сияқты адам өмірін сақтаумен қатар, өз өмірін қауіпке тігіп, жедел шешім қабылдай алмайтын еді»,- деді бірінші вице-министр.


Еске сала кетейік, 19 маусымда, Абылай су бұрқақтың қасындағы орындықта кітап оқып отырған болатын. Айқай-шу мен көмек сұраған дауыстарды естіген жас жігіт су бұрқақта тоқ ұрып жатқан адамдарды көрді. Өз өмірі мен денсаулығына қауіп төнгеніне қарамастан, Абылай еш ойланбастан адамдарды құтқаруға кіріскен. Оның айтуынша, екі адамды құтқару кезінде  өзін де электр тоғы қатты соққан. Студент өз-өзіне келіп есін жиғанша, сол маңда кездейсоқ болған 40-45 жастағы белгісіз ер адам тағы бір қызды құтқарып қалған.


Су бұрқақта орын алған оқыс жағдайда зардап шеккендерге реанимациялық шаралар жасау үшін  (жүрекке жанама массаж және жасанды тыныс алу)  оқиға орнында болған қаланың жанашыр тұрғындары да ат салысып, көмек берген.


Абылай Балапанов пен аты-жөні белгісіз ер адамның, сондай-ақ оқиға орнында болға қайырымды жандардың батыл әрекетінің арқасында үш адамның өмірі құтқарылды.


Ибрагим Күлшімбаев жас батырға отбасылық бақыт пен денсаулық тіледі.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#ПЦР-тесты #Справки #Авиапассажиры #Қазақстан #ТЖМ #марапаттау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22

Халықаралық рейтингте Қазақстан биыл көшуге ең қолайлы ТМД елі деп танылды

Бүгін 08:58

10 маусымда ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:35

Алматының Орталық саябағы бес күн бойы жас таланттар өнерінің мерекесіне айналды

Кеше 17:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);