ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / Студенттерге 2-3 проценттік кредит қашан беріледі...

Студенттерге 2-3 проценттік кредит қашан беріледі?

Білім және ғылым 23.09.2022, 09:49 2,056
Студенттерге 2-3 проценттік кредит қашан  беріледі?
Сурет: Gazeta.ru
Бұл бастаманы іске асыру үшін заңнамаға өзгеріс енгізу керек.

Бұл бастаманы іске асыру үшін заңнамаға өзгеріс енгізу керек.


Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек келесі жылдан бастап жоғары білім алуға 2-3 проценттік кредит берілетінін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Ресми мәліметке сәйкес, биыл грант саны өткен жылмен салыстырғанда 19 процентке өсіп, 88 мыңға жетті. Алайда ақылы түрде оқитын студенттер де аз емес. Олардың саны 60 процентті құрап отыр. Осыған байланысты Тоқаев соңғы жолдауында 2-3 проценттік кредит беру мәселесін қарастыруды тапсырған болатын.


Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, бұрын ондай механизм болған. Оны қайтадан жандандыру қажет.



«Мен өзім Еуразия ұлттық университетінде кредитпен оқығанмын. Қазақстанда 90-жылдардың соңында сондай бір жақсы модель болған. Артынан тоқтап қалды. Біз оның себебін де білеміз. Енді осы жүйені қайта қарап, жылдық мөлшерлемесі 2-3 процент болатын кредит береміз. Қазір тиісті өзгерістер мен тетіктер әзірленіп жатыр. Келесі жылдан бастап енгізіледі», - деді Нұрбек Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.



Биыл республика бойынша 177 мыңға жуық бала студент атанды. Бұл көрсеткіш өсе береді. Мәселен, осы жылы 400 мыңға жуық бала бірінші сыныпқа барды. Ал 170 мың оқушы мектеп бітірді. Бұл - 10 жылдан кейін мектеп бітірушілер саны екі жарым есе артады деген сөз. Жоғары оқу орындарына келетін жастар да көбейеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,428 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.