AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / СҚО-да өрттен бір бала қаза тапты, тағы біреуі үйі...

СҚО-да өрттен бір бала қаза тапты, тағы біреуі үйінді астында қалған

Оқиға 12.01.2026, 10:38 921
СҚО-да өрттен бір бала қаза тапты, тағы біреуі үйінді астында қалған
Сурет: ТЖМ

Солтүстік Қазақстан облысындағы ауылдардың біріндегі жеке үйде өрт шықты. Өрт салдарынан ер адам мен кәмелетке толмаған бала қаза тапты, ТЖМ екінші баланы іздеп жатыр, - деп хабарлайды aqshamnews.kz ТЖМ-ге сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 11 қаңтарда кешке М. Жұмабаев атындағы ауданның Майбалық ауылында болды. 101 пультіне хабар түскеннен кейін оқиға орнына өртке қарсы қызмет бөлімшелері жіберілді. Келген кезде үйдің толық отқа оранып, түгелдей құлағаны анықталды.

Үй иесінің айтуынша, ішінде оның жұбайы және кәмелетке толмаған екі бала болған. Өртті сөндіру және үйінділерді аршу барысында құтқарушылар ер адам мен бір баланың мәйітін тапты. Екінші баланы іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Оқиға орнында департамент басшылығы мен ТЖД психологтары зардап шеккен әйелге көмек көрсетіп жатыр.

Өрт 64 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталады. 

Еске салайық, бұған дейін Талдықорғанда бес қабатты тұрғын үйде ірі өрт шыққан еді. Жетісу облысының ТЖД мәліметінше, өрт сөндірушілер 8 адамды құтқарған, олардың 7-еуі - балалар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Солтүстік Қазақстан облысы #ТЖМ #өрт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);