AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / СҚО-да жеңіл автокөлік 14 қойды басып кетті

СҚО-да жеңіл автокөлік 14 қойды басып кетті

Оқиға 11.10.2021, 16:17 1,236
СҚО-да жеңіл автокөлік 14 қойды басып кетті
Polisia.kz.

11 қазанға қараған түні “Нұр-Сұлтан – Петропавл” автожолының 370-ші шақырымында Тайынша ауданы Кременчуг ауылының маңында бір отар қой ВАЗ 2115 автокөлігінің астына түсті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Polisia.kz. сілтеме жасап.


Көлік жүргізген 36 жастағы Көкшетау қаласының тұрғыны автокөлік шамының жарығына кенеттен жануарлар атып шыққан сәтте көлігін тоқтатып үлгере алмағаны анықталды. Қақтығыс салдарынан 14 бас мал қырылды. Жүргізуші зардап шеккен жоқ, машина зақымдалған. Жануарлардың жолдың жүріс бөлігінде болуына жол берген иесіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 615-бабының 2-бөлігі бойынша хаттама толтырылды.



– Осындай жол-көлік оқиғасы қыркүйек айының соңында Есіл ауданының аумағында орын алды. Полиция қызметкерлері осындай оқиғаларға әкеп соқтыруы мүмкін еркін мал жаю фактілерінің алдын алу бойынша жұмыстар жүргізуде. Мал айдаушыларға да қырағылық таныту керек. Олар жол қозғалысының басқа қатысушылары екендігін естен шығармаған жөн және жазылған қағидаларды орындау қажет. Мал иелері мен бақташылардан жануарлардың жолда кенеттен пайда болуына байланысты апаттық жағдайларды болдырмау жөнінде шаралар қабылдауды сұраймыз. Сондай-ақ, малды жол бойымен айдап өтуді тәуліктің жарық уақытында жүзеге асыру керек, қараңғы уақытта жақындап келе жатқан автомобильдерге фонарьмен немесе алаумен сигнал беру міндетті, – дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#отарқой #Автокөлік #апат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);