AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / СҚО-да 15 мың жыл бұрын өмір сүрген мамонт сүйегі...

СҚО-да 15 мың жыл бұрын өмір сүрген мамонт сүйегі табылды

Оқиға 15.09.2025, 14:59 800 Дина
СҚО-да 15 мың жыл бұрын өмір сүрген мамонт сүйегі табылды
Сурет: Gov.kz

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны балық аулап жүріп, кездейсоқ тарихи жаңалық ашты. Ол мамонттың алып сүйегін тауып алды, деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, сүйек Қызылжар ауданына қарасты Бәйтерек ауылы маңынан табылған. Әсет Шайкин есімді жергілікті тұрғын балық аулап жүріп, ерекше олжаға тап болып, оны тарихшы-археолог Анатолий Плешаковқа тапсырған.

сурет: ҒЖБМ

Екеуі бірге оқиға орнына барып, аумақты қарап шыққанымен, басқа сүйектер табылмаған. Тарихшының айтуынша, ежелгі жануардың қалған бөліктері топырақ астында жатуы мүмкін.

"Бұл өте қызықты олжа. Сүйектің ұзындығы шамамен 1 метр. Жасы - шамамен 15 мың жыл, яғни жоғарғы палеолит дәуіріне жатады. Ол өте ірі мамонтқа тиесілі болған. Бұған дейін де СҚО аумағынан ежелгі жануарлардың қалдықтары табылған. Келесі жылы осы жерде қазба жұмыстарын жүргізіп, сүйектің басқа бөліктері мен еңбек құралдарын тапсақ, бұл аймақтағы алғашқы палеолиттік ескерткіш болуы мүмкін", - деді Плешаков.

сурет: ҒЖБМ

Маманның сөзінше, болашақ қазбалар нақты осы аумақта мәдени қабаттар мен артефакттердің бар-жоғын анықтауға мүмкіндік береді және толыққанды археологиялық зерттеу жүргізу мәселесін шешуге негіз болмақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мамонт #тарих #археолог
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);