ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / СҚО-да 13 ауыл ішімдіктен бас тартқан

СҚО-да 13 ауыл ішімдіктен бас тартқан

Әлеумет 08.06.2025, 13:08 547
СҚО-да 13 ауыл ішімдіктен бас тартқан
depositphotos.com
Солтүстік Қазақстан облысында 13 ауыл ішімдіктен түбегейлі бас тартқан, - деп хабарлайды aqshamnews.kz "Хабар" арнасына сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысында 13 ауыл ішімдіктен түбегейлі бас тартқан, - деп хабарлайды aqshamnews.kz "Хабар" арнасына сілтеме жасап. 

Ішімдіктен бас тартқан ауылдардың бірі – Қазақстан мен Ресей шекарасындағы Сулышоқ ауылы. Мұнда 50-ге жуық үй түтін түтетіп отыр. Қаймағы бұзылмаған ел үлкендердің өсиетін қашанда құп алған. 

 

"Арақ-шарап сатпайтын ауыл болайық деп, байсалды ауыл болайық деп және де тойларда арақ-шарап болмасын деп, жастарға ертең үлгі болсын деп осындай шешім қабылдадық. Игі бастамалар біздің алдымызда облыс бойынша жүріп жатыр ғой. Соларды біз қолдап, қариялар бәріміз ақылдасып, байсалды ауыл болайық дедік", – деді Сулышоқ ауылының тұрғыны Тоқтамыс Жанбүтенов.

Сулышоқ ауылында арақ-шарап сатылмайды. Той-жиындар да ішімдіксіз өтеді. Бұл құқық бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік берді, дейді тұрғындар. Елді мекенде соңғы жылдары ұрлық-қарлық секілді қылмыстар тыйылған. 

"Жастарымыз қазір алкогольдік ішімдіктерді қолданбайды. Және олар көбінесе өзінің қазіргі қазақи тұрғыда, өзі қазақы ауылда тұрғандықтан, өздерінің қазақылықтарын жоғары деңгейде сақтайды. Біздің округтің өзі учаскелік полиция бөлімімен тығыз байланыста жұмыс істейміз", – деді Өспен ауылдық округінің әкімі Сарагүл Бейсенбаева. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,437 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,254 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,284 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,181 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.