ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Спорт / Спорттық шара ұрпақтар сабақтастығын нығайтты

Спорттық шара ұрпақтар сабақтастығын нығайтты

Спорт 14.07.2025, 16:48 682
Спорттық шара ұрпақтар сабақтастығын нығайтты
Сурет: Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің баспасөз қызметі
Талдықорған қаласында шағын футболдан дәстүрлі турнир өтті.

Талдықорған қаласында шағын футболдан дәстүрлі турнир өтті.

Спорттық шара Сарқан ауданына қарасты Қарабөгет ауылының 1980 жылы туған азаматтарының бастамасымен ұйымдастырылып, марқұм болған ауылдастардың рухына арналды.

Турнирдің басты мақсаты – өмірден озған азаматтарды еске алып, ауылдастар арасындағы достықты, бірлікті нығайту, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету және жастарды салауатты өмір салтына баулу.

Бұл жолғы жарыс марқұм болған азаматтар – Әйтенов Әділ Дүйсетайұлы, Нұрғалиев Айдынбек Байғалиұлы, Бажаев Алмат Маратұлы, Кирисбеков Дулат Қожахметұлы және Бөлегенов Регистан Маратұлының жарқын бейнесіне арналды.

«Бүгінгі турнир жоғары деңгейде өтті. Бірліктің арқасында жастарымыз бұқаралық спортқа ден қойып келеді. Сонымен қатар дүниеден озған жолдастарын еске алып, ас беріп, сауапты іс жасап отыр. Бұл игі бастама алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенемін», – деді Қарабөгет ауылының тумасы, марқұм Регистан Бөлегеновтің әкесі Марат Бөлегенұлы.

Биыл үшінші мәрте ұйымдастырылған турнирге 11 команда қатысты. Жүлделі орындар келесідей үлестірілді: I орын – 2001 жылғы түлектер (100 000 теңге), II орын – 1980 жылғы түлектер (70 000 теңге), III орын –  1988 жылғы түлектер (50 000 теңге), IV орын – ынталандыру сыйлығы. Сонымен қатар үздік ойыншыларға арнайы кубоктар, медальдар, мадақтамалар және қаржылай сыйлықтар табысталды.

«Турнирден алған әсерімді сөзбен жеткізу қиын. Осындай шаралар бізді жақындастырып, ұмыт бола бастаған достықты қайта жандандырады. Бұл – нағыз бірлік пен жерлестік рухының көрінісі», – деді ойынға қатысушы Нұрлан Қабдолдин.

Ал «1988» командасының мүшесі Нұрбол Берікболұлы өз ойын былай жеткізді: «Әр ойын сәтінде тек футбол емес, шынайы достық пен өзара қолдауды сезіндік. Осындай кездесулер күнделікті тіршілікте алыстап кеткен бауырларды қайта табыстырып, ұрпақтар сабақтастығын күшейтеді».

Турнир барысында Құран бағышталып, марқұм азаматтардың рухына ас берілді. Бұл игі шара елдік пен ерлікке, достық пен құрметке бастайтын ізгі дәстүрге айналды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.