AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / "Соқыр болып қалғың келе ме?". Семейде 24 жастағы...

"Соқыр болып қалғың келе ме?". Семейде 24 жастағы бойжеткен тұрғындардың үрейін туғызды (ВИДЕО)

Оқиға 27.01.2026, 15:43 544 Дина
"Соқыр болып қалғың келе ме?". Семейде 24 жастағы бойжеткен тұрғындардың үрейін туғызды (ВИДЕО)
видеодан алынды

Семейде көпқабатты үй подъезінде болған оқиға түсірілген видео бірнеше күннен бері әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Бейнежазба авторы Аружан есімді бойжеткеннің айтуынша, ол таңғы 04:00 шамасында жұмыстан үйіне оралған. Подъездің кіреберіс есігін аша берген сәтте артынан белгісіз қыз еріп кірген. Подъезге кірер кезде белгісіз қыз ұрыс шығарып, Аружанның бірінші кіргенін талап еткен.

"Түнде мұндай жағдай болады деп ойламадым. Қыз баласы болған соң қорықпаймын деп те ойладым. Алайда оның әрекеті мен агрессиясы шошытты. Менің видеоға түсіріп тұрғанымды көргенде ол басқаша сөйлей бастады. Байқап жүріңіздер", - дейді видеодағы қыз. 

Абай облысының полиция департаменті бұл фактіге қатысты тергеуді бастаған. 

"Анықталғандай, 2026 жылғы 25 қаңтар күні сағат 03:21 шамасында Семей қаласындағы Қарағайлы ықшам ауданында орналасқан үйлердің бірінің подъезі маңында екі азаматша арасында ауызша жанжал шыққан. Жанжал барысында 24 жастағы бойжеткен бейәдеп сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған. Оқиғаға қатысқан барлық тұлғалар анықталып, түсініктеме алынды. Аталған дерек бойынша 24 жастағы азаматшаға қатысты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік іс қозғалды", - делінген хабарламада.

Әлеуметтік желідегі пікірлерде Қарағайлы ауданының тұрғындары бұл қыздың түнгі уақытта подъездерде жүріп, қабаттарды аралайтынын айтып, бұған дейін түсірілген басқа видеоларды да жариялаған. Кей жазбаларда қыздың анасы оның білімді екенін, шетелде оқығанын айтып, «ешқандай ауытқу байқамағанын» жеткізгені де айтылады. Оқырмандар арасында жағдайға алаңдаушылық білдіріп, тиісті органдар тарапынан қосымша тексеру қажет екенін жазғандар бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#семей #сталкинг #үрей #қорқыныш
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22

Халықаралық рейтингте Қазақстан биыл көшуге ең қолайлы ТМД елі деп танылды

Бүгін 08:58

10 маусымда ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:35

Алматының Орталық саябағы бес күн бойы жас таланттар өнерінің мерекесіне айналды

Кеше 17:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);