ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Сирек кездесетін көз ауруы Алматыда сәтті емделді

Сирек кездесетін көз ауруы Алматыда сәтті емделді

Медицина 11.01.2025, 12:45 940
Сирек кездесетін көз ауруы Алматыда сәтті емделді
aqshamnews.kz
Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына (ҚЖШККА) 60 жастағы науқас сол көзінің шығыңқылығы, қызаруы және қозғалысының шектелуіне шағымданып түсті. Дәрігерлік тексеру нәтижесінде өте...

Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына (ҚЖШККА) 60 жастағы науқас сол көзінің шығыңқылығы, қызаруы және қозғалысының шектелуіне шағымданып түсті. Дәрігерлік тексеру нәтижесінде өте сирек кездесетін диагноз – көздің артериовенозды фистуласы анықталды.

ҚЖШККА нейрохирург маманы Максим Аргумбаевтың айтуынша, бұл аурудың әлемде соңғы 30 жыл ішінде бар болғаны 42 жағдайы ғана тіркелген.

"Аурудың қаупі – экзофтальманың (көздің шығыңқылығының) үдемелі дамуында. Ол көру қабілетін жоғалтуға немесе тіпті көз алмасын алып тастауға мәжбүрлейтін жағдайға әкелуі мүмкін", – деп атап өтті дәрігер.

Артериовенозды фистула – артериялар мен тамырлар арасындағы қан ағымының бұзылуына әкелетін патологиялық байланыс.

Науқастың емделуін оталық бригада – нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Константин Ли, нейрохирург Максим Аргумбаев, анестезиолог Ринат Қасенов, және оталық медбике Эльмира Аюпова жүзеге асырды. Команда көздегі фистулаға күрделі рентгеноэндоваскулярлық эмболизация отасын сәтті жасады.

Ота ұзақтығы бар болғаны 60 минутты құрады.
Команда мүшелерінің жоғары кәсіби біліктілігі мен үйлесімді жұмысының арқасында науқастың көру қабілеті сақталып қалды. Отадан кейінгі динамикада айтарлықтай жақсару байқалды: көздің шырышының (хемоз) регресі орын алып, көзді толық жабу қабілеті қалпына келтірілді.

"Мұндай ота көру қабілетін сақтап қалуға қатысты жоғары қауіппен бірге жүреді. Біз науқасқа көмектесе алғанымызға, заманауи технологиялар мен команда тәжірибесін қолданғанымызға қуаныштымыз. Бұл жағдай дәрігерлік көмекке ерте жүгіну мен кәсіби көзқарастың маңыздылығын айқын көрсетеді", – деп түйіндеді Максим Аргумбаев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.