ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Өмір-өзен / Синоптиктер бірнеше өңірде күн райына байланысты е...

Синоптиктер бірнеше өңірде күн райына байланысты ескерту жариялады

Өмір-өзен 05.03.2022, 14:22 1,801
Синоптиктер бірнеше өңірде күн райына байланысты ескерту жариялады
Сурет: Almaty.tv
Кей өңірлерде нөсер жауын жауады.

Кей өңірлерде нөсер жауын жауады.


«Қазгидромет» РМК Қазақстанның бірнеше облысы бойынша күн райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


6 наурыз күні Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал. Өскеменде жел оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен Семейде 6 наурызда жел оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.


Қостанай облысының шығысында және орталығында тұман түсуі ықтимал. Қостанайда 6 наурызда көктайғақ болады. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 15-20 м/с.


6-8 наурызда Іле Алатауында, Жетісу Алатауында 7 наурыз күні кей уақытта нөсер жауын (жаңбыр, қар) жауады. 7-8 наурызда кей уақытта тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал.


Қырғыз Алатауында 6 наурыз және 8 наурыз күні түнде, 7 наурызда тәулік бойы нөсер жаңбыр, қар жауады. Кей уақытта тұман түсуі ықтимал. Жел оңтүстік-батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с, 6 және 7 наурыз күндіз екпіні 23-28 м/с.


Талас Алатауында 6 наурызда күндіз нөсер жаңбыр, қар жауады.


Батыс Алтай, Тарбағатайда 6 және 8 наурызда кей жерлерде көктайғақ болады. 8 наурызда кей жерлерде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с, 6 наурызда екпіні 23-28 м/с.


6 наурызда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болуы ықтимал. Қарағандыда 6 наурызда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Жезқазғанда 6 наурыз күні оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. 6 наурызда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың орталығында шаңды дауыл тұруы ықтимал. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Ақтауда 6 наурызда солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, түнде екпіні 23 м/с.


6 наурызда Ақмола облысында тұман түседі. Көкшетауда 6 наурызда тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.


6 наурызда Атырау облысының шығысында және орталығында бұрқасын, солтүстігінде көктайғақ болады. Батыс, солтүстік-батыстан жел соғады 15-20 м/с, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с. Атырауда батыс, солтүстік-батыстан жел соғады 15-20 м/с, түнде екпіні 23 м/с.


6 наурызда Ақтөбе облысының шығысында, солтүстігінде және орталығында жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20, түнде облыстың оңтүстік-батысында 25 м/с. Ақтөбе қаласында 6 наурызда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,261 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.