конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / СІМ Польшада қаза тапқан қазақстандыққа қатысты мә...

СІМ Польшада қаза тапқан қазақстандыққа қатысты мәлімдеме жасады

Оқиға 13.03.2026, 09:34 498
СІМ Польшада қаза тапқан қазақстандыққа қатысты мәлімдеме жасады
facebook.com/susanna.suhoterina/

Сыртқы істер министрлігі Польша аумағында Қазақстан азаматы Екатерина Шилованың қаза тапқанын растады, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Польшада Қазақстан азаматы Екатерина Шилованың қаза болғаны туралы ақпаратты ресми түрде растады. Ведомство марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Министрлік мәліметінше, Қазақстанның Польшадағы Елшілігі қаза тапқан азаматтың жақындарымен және Польша тарапының құзырлы органдарымен тұрақты байланыста отыр.

«Қазақстан Республикасының Польшадағы Елшілігі қаза тапқан азаматтың жақындарымен, сондай-ақ Польша тарапының құзырлы органдарымен тұрақты байланыста. Елшілік консулдық-құқықтық мәселелер бойынша, соның ішінде марқұмның денесін Отанына жеткізу ісінде қажетті көмек көрсетіп жатыр. Аталған мәселе министрліктің бақылауында», – делінген ведомство хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін Польшада жұмыс істеп жүрген Екатерина Шилованың хабар-ошарсыз кеткені туралы ақпарат тараған еді. Белгілі болғандай, ол 18 ақпанда Варшавадан Астанаға ұшатын ұшаққа билет алған, алайда сол рейске мінбеген.

Сондай-ақ оның соңғы жазбаларының бірінде Астанаға ұшпағанын, Германиядағы құрбысының жұмыс ұсынуына байланысты жоспарын өзгерткенін айтқаны хабарланған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Лихтенштейннің Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:27

Мемлекет басшысы Конго Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:16

Тоқаев Үндістан Премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бүгін 11:13

Үкіметте білім беру және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері қаралды

Бүгін 10:43

Қазақстанда бір палаталы Құрылтай жұмыс істей бастайды

Бүгін 09:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);