AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Цифрлық формат адами фактордың әсерін жояды

Цифрлық формат адами фактордың әсерін жояды

Әлеумет 26.10.2024, 14:44 1,360 Bakyt
Цифрлық формат адами фактордың әсерін жояды
primeminister.kz

Олжас Бектенов отандық өндірушілерді қолдау шараларын күшейту жөнінде кеңес өткізді

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша отандық кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік қолдау шараларының ашықтығы мен тиімділігін арттыру мәселесін талқылау мақсатында жұмыс кеңесін өткізді.

Негізгі мақсат — мемлекеттік сатып алулар мен қолдау шараларына басым қолжетімділік алатын кәсіпорындарды санаттарға бөлу әдістемесін цифрландыру. Бұл мемлекеттік қолдау алған кәсіпорындардың міндеттемелерін нақтылауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ өнімнің сапасы, өндірісті локализациялау, қазақстандық қамту үлесі мен кәсіпорынның аймақ пен ел экономикасына қосқан үлесі ескеріледі. Цифрлық формат жемқорлық тәуекелдерін төмендетіп, адами фактордың әсерін жояды.

Қазіргі таңда Үкімет мемлекеттік қолдау шараларының өнеркәсіп саласын дамытуға әсерін кең көлемде талдап жатыр. Жаңа ақпараттық платформа кәсіпкерлік белсенділікті қолдау шараларын алғанға дейінгі және кейінгі динамикада көрсетеді.

Платформада отандық кәсіпорындар туралы мәліметтер, өндірістік жүктемелері, өнім түрлері, сыртқы сауда қызметі, қызметкерлер саны, сондай-ақ ұзақ мерзімді келісімшарттар туралы ақпарат сақталады. Бұл жүйе мемлекеттік органдарға проактивті түрде мониторинг жүргізуге, талдау жасауға және бизнеске қолдау көрсету үшін шешім қабылдауға көмектеседі.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев платформаның 2 мыңнан астам кәсіпорынның деректер базасын қамтитынын, сондай-ақ реттелетін сатып алулар субъектілерінің мәліметтерін қамтитынын хабарлады. Бұл база жер қойнауын пайдаланушылар мен бизнес арасындағы ұзақ мерзімді шарттар туралы ақпаратпен толықтырылған.

Smart Data Ukimet негізінде құрылған бұл платформа әртүрлі ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтерді біріктіріп, жүйелеуді қамтамасыз етеді. Ол Қаржы, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрліктерінің, СК-Фармация, «Самұрық-Қазына Келісімшарт», Mitwork және NadLock жүйелерімен толық интеграцияланған. Сонымен қатар «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры мен «Бәйтерек» холдингінің қолдау шаралары туралы мәліметтер жүктелген. Ақпарат автоматты түрде жаңартылып отырады.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, денсаулық сақтау және Қаржы министрліктерінің өкілдері платформаны толтыру және қолдану бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Олжас Бектенов #отандық кәсіпкерлер #Жемқорлық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);