ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Саясат / ШЫҰ-на мүше мемлекеттердің қорғаныс министрлері А...

ШЫҰ-на мүше мемлекеттердің қорғаныс министрлері Ауғанстандағы ахуалдың өзгеруін талдады

Саясат 28.07.2021, 14:46 2,355
ШЫҰ-на  мүше мемлекеттердің қорғаныс министрлері Ауғанстандағы ахуалдың өзгеруін талдады
Сурет: Gov.kz
Министрлер бірлескен коммюнике қабылдады және екі жыл мерзімге кезекті ынтымақтастық жоспарын бекітті.

Министрлер бірлескен коммюнике қабылдады және екі жыл мерзімге кезекті ынтымақтастық жоспарын бекітті.


Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер қорғаныс министрлерінің кеңесі болып өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Іс-шараға қорғаныс ведомстволарының басшылары: Үндістаннан – Раджнатх Сингх, Қазақстаннан – генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев, Қытайдан – генерал-полковник Вэй Фэнхэ, Қырғызстаннан – генерал-майор Таалайбек Омуралиев, Пәкістаннан – Первез Хаттак, Ресейден – армия генералы Сергей Шойгу, Тәжікстаннан – генерал-полковник Шерали Мирзо және Өзбекстаннан – генерал-лейтенант Баходир Курбанов қатысты.

Ресми мәліметтерге жүгінсек, кеңеске қатысушылар достық және сындарлы өзара іс-қимыл жағдайында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы өзара түсіністіктің жоғары деңгейін атап өте отырып, халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері төңірегінде пікір алмасты. Ауғанстан аумағында орын алып жатқан тәуекелдер мен қауіп-қатерлерді бейтараптандыру бойынша бағыттар мен ықтимал әрекеттерді талқылады.



«Шанхай ынтымақтастық ұйымының өңірдегі және әлемдегі маңызы артты. Өңірлік, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен және бірлестіктермен ынтымақтастық іс жүзінде нығаюда», – деді Қазақстанның Қорғаныс министрі, генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев. 



Кеңеске қатысушылар ШЫҰ-ның өңірлік серіктес ұйымдармен іс жүзіндегі өзара іс-қимылды өрістету керектігін айтты.



 «Сонымен бірге, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер қорғаныс ведомстволарының басшылары биылғы жылғы қыркүйекте Ресей Федерациясында «Бейбіт миссия – 2021» бірлескен терроризмге қарсы әскери командалық-штабтық оқу-жаттығуларын өткізуді талқылады», – делінген Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарламасында. 



Іс-шара барысында ШЫҰ кеңістігінде қауіпсіздікті нығайтуға және тұрақтылықты қолдауға бағытталған ынтымақтастықты жалғастыру, сондай-ақ 2022 жылы кезекті отырысты Өзбекстанда өткізу туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің қорғаныс министрлері кеңестің қорытындысы бойынша хаттамаға қол қойып, бірлескен коммюнике қабылдады және екі жыл мерзімге кезекті ынтымақтастық жоспарын бекітті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,423 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.