AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Шымкентте фармацевтикалық өндіріс кеңейеді: 39,5 м...

Шымкентте фармацевтикалық өндіріс кеңейеді: 39,5 млрд теңге жеке инвестиция тартылды

Экономика 23.02.2026, 11:38 263 dulatbekova
Шымкентте фармацевтикалық өндіріс кеңейеді: 39,5 млрд теңге жеке инвестиция тартылды
Сурет: istockphoto.com

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қазақстанда отандық фармацевтикалық өндірісті дамыту мақсатында Шымкентте ірі инвестициялық жоба қолға алынды.

Қазақстан Республикасының Үкіметі Денсаулық сақтау министрлігі мен «Химфарм» АҚ арасындағы келісім аясында «Халықты қолжетімді дәрілік препараттармен қамтамасыз ету және отандық фармацевтика өндірісінің үлесін арттыру» жобасы іске қосылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz.

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов қаулыға қол қойды. Жоба аясында Polpharma Santo компаниясында 300 жаңа жұмыс орны құрылып, ғылыми зерттеулерді дамытуға арналған қаражатты қоса алғанда, жалпы 39,5 млрд теңге жеке инвестициялар тартылды. Жобаның алғашқы кезеңін 2029 жылдың соңына дейін іске қосу жоспарланған.

Жаңа өндіріс онкологиялық, жүрек-қан тамыр, инфекциялық және созылмалы ауруларға, соның ішінде туберкулезді емдеуге арналған 38 түрлі дәрілік зат шығаруға мүмкіндік береді. Өндіріс халықаралық сапа стандарттарына сай жұмыс істейді.

Бұл бастама фармацевтикалық өнімдер өндірісін локализациялауға, халық үшін дәрілік препараттардың сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ экспорттық әлеуетті арттыруға бағытталған. Жалпы, фармацевтика саласында 316,3 млрд теңге сомасына 6 инвестициялық келісім жасалып, саланың тұрақты дамуы мен инвестициялық тартымдылығы айқын көрініс тапты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#фармацевтика #шымкент #инвестиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);