AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Шымкент қаласының экс-әкімінің ағасы бес күнге қам...

Шымкент қаласының экс-әкімінің ағасы бес күнге қамауға алынды

Әлеумет 15.07.2024, 11:55 1,172 Almaty-akshamy.kz. 
Шымкент қаласының экс-әкімінің ағасы бес күнге қамауға алынды
Видеодан алынды

Әлеуметтік желілерде Шымкент қаласының экс-әкімінің ағасы Марат Әйтеновтің бұрынғы әйелі мен балаларын үйінен аяусыз қуып жатқаны туралы бейнежазба тараған болатын. Көп ұзамай бұл іс сотта қаралды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Астана қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен құқық бұзушыға қатысты іс қаралды.

Істің мән-жайына сәйкес, Әйтенов отбасылық жанжал кезінде өзінің бұрынғы әйеліне ар-намысы мен намысын қорлайтын сөздер айтқан. Басқа адамдардың да тыныштығын бұзған. Бірақ ол сот отырысында өз кінәсін мойындамады.

«Ол бұрынғы әйелі балалардан бас тартқанын айтқаннан кейін балаларды алып кетуге келген. Анасы балаларын жібермегендіктен, күшпен тартып алуға тырысқан. Бірақ әдепсіз сөздер айтпағанын және ұрмағанын алға тартып отыр», - делінген сот хабарламасында.

Ал жәбірленушінің айтуынша, бұрынғы күйеуі оны үйден шығару кезінде заңсыз әрекет жасап, денесіне зақым келтірген.

«ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігінің санкциясы жоғарыда аталған мән-жайларды, сондай-ақ қоғамға теріс әсер ететін іс-әрекеттің көлемі мен сипатын ескере отырып, ескерту немесе 5 тәулікке әкімшілік қамауға алуды қарастырады. Құқық бұзушы ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылды. Ол 5 тәулікке қамауға алынды», - делінген Астана қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Естеріңізге салсақ, елорда тұрғыны Дана Атешова бұрынғы күйеуі Марат Әйтеновтің полицейлермен және жеке сот орындаушылармен бірге үйіне келіп, балаларды бір-бірлеп үйден мәжбүрлеп шығарғанын, өзін соққыға жыққанын әлеуметтік желіде жариялаған болатын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Марат Әйтенов #отбасы #құқық #қуып шығу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);