ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Оқиға / Шығыс Қазақстанда қураған шөп өртеніп, 2 мың гекта...

Шығыс Қазақстанда қураған шөп өртеніп, 2 мың гектар жер жанып кетті

Оқиға 10.10.2022, 04:42 1,189
Шығыс Қазақстанда қураған шөп өртеніп, 2 мың гектар жер жанып кетті
Сурет: Inform.kz
Шығыс Қазақстан облысында тағы да алапат өрт тұтанды.

Шығыс Қазақстан облысында тағы да алапат өрт тұтанды.


Зайсан, Алтай, Ұлан және Глубокое ауданында құрғақ шөп жанып жатыр. Ал Өскемен қаласында саяжай мен жеке үйлер және кейбір коммерциялық нысандар жанып кетті. Өңірдегі өрт сөндірушілерге кешеден бері 60-қа жуық шақыру түскен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап. 


Алапат өрт әлі толық сөнген жоқ. Қурап тұрған шөп тұтанған соң, сөндіруге дес бермей жатыр. Кешеден бері тоқтаусыз соққан қара дауыл жағдайды мүлде қиындатып жіберді. Қазір Ұлан, Зайсан, Күршім, Алтай аудандарындағы өрт әлі толық сөнген жоқ. Дәл қазірге дейін 2000 гектардай жер жанып кеткен. Өрттің нақты аумағы әлі толық анықталған жоқ. Жалпы, әр аудандағы өрттің көлемі әр түрлі. Ең ауқымдысы - Ұлан ауданында. Бір ғана Борсақ ауылы аумағында 600 гектар жер жанып кетті. Тілсіз жаумен күреске жалпы облыс бойынша 120 техника мен 800-ге жуық адам жұмылдырылды. Тек өрт сөндірушілер емес, орман шаруашылығы мамандары және Қорғаныс министрлігінің сарбаздары да көмектесті. Бір МИ-8 тікұшағы да тартылды. Төтенше жағдай қызметі таратқан ақпарат бойынша, өрттен ешкім зардап шекпеген. Ауқымды өрттің көбі иен далада. Иә, Өскеменде таңға жуық аздап жауын жауды. Бұл жалынды толық сөндірмесе де, өрттің өршуін басуға септігін тигізді. Өткен түнде Өскеменің шетіндегі "Согра" шағынауданында қу шөп өртенді. Жел үрлеген жалын лезде таралып, сол маңдағы спорттық құрал сақтайтын қойма мен жеке үйді де шарпыған. Қазір сол нысанға қанша шығын келгені есептеліп жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,437 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,254 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,284 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,181 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.