конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / ШҚО-да үздік жас жол инспекторлары анықталды

ШҚО-да үздік жас жол инспекторлары анықталды

Әлеумет 26.05.2026, 19:41 413
ШҚО-да үздік жас жол инспекторлары анықталды
ШҚО ПД

Шығыс Қазақстан облысында полицейлер үздік жас жол инспекторларын анықтады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі Altainews.kz -ке сілтеме жасап.

ШҚО Полиция департаменті облыстық білім басқармасымен бірлесіп Өскеменде жас жол инспекторларының облыстық жарысын ұйымдастырды. Ауқымды шараның негізгі мақсаты балалар арасындағы жол-көлік жарақатының алдын алу және оқушылардың жол жүру ережелері бойынша білім деңгейін арттыру болды.

Байқауға облыстың қалалары мен аудандарынан келген 10 мектеп командасы қатысты.

Қатысушыларға ШҚО ПД әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Игорь Клишин құттықтау сөз арнап, жас инспекторлардың қоғамдағы жауапкершілігі жоғары екенін атап өтті.

– Өз үлгілеріңмен сендер бүгінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосып келесіңдер. Сендердің арқаларыңда заң мен тәртіпті құрметтейтін саналы азаматтардың жаңа буыны қалыптасып келеді, – деді ол.

Жарыс бағдарламасы алты кезеңнен тұрды. Атап айтқанда, қатысушылар «Жас реттеуші», «Жас санитар», «Эрудиттер турнирі», «Жол жүру ережелерінің білгірлері», «Топтық таныстыру» және «Велосипедті мәнерлеп жүргізу» сайыстарында бақ сынады. Әр кезеңде оқушылар жол қауіпсіздігі саласындағы теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын көрсетті.

Қорытындысында бірінші орынды Өскемендегі Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №20 орта мектептің командасы иеленді. Екінші орын Глубокое ауданының жас жол инспекторларына бұйырса, үздік үштікті Алтай ауданының командасы түйіндеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ПД
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды Алматының білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясына қатысты

Бүгін 14:35

Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Бүгін 14:11

Almaty Gallery Өзбекстан суретшілерінің туындыларын ұсынды

Бүгін 13:57

YE концерті 15 тамызда сағат 21:00-де өтеді

Бүгін 13:54

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);