ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Шетелге кеткен 13 мың қазақстандық елге оралған

Шетелге кеткен 13 мың қазақстандық елге оралған

Әлеумет 31.01.2023, 16:22 1,139
Шетелге кеткен 13 мың қазақстандық елге оралған
Сурет: Ашық дереккөз
Шетелдік ЖОО таңдайтындардың айтуынша, білім сапасында айырмашылық жоқ.

Шетелдік ЖОО таңдайтындардың айтуынша, білім сапасында айырмашылық жоқ.


Шетелде білім алып жатқан студенттердің оқуын аяқтамай-ақ елге қайтуы көбейген. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, былтырдың өзі Қазақстанға қайтқандардың саны 13 мыңнан асқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


Рустам Рахымов 17 жасында Алматыдан ағылшын еліне кеткен. Лондондағы мектептердің бірін бітірген ол жоғары білімді де Еуропада аламын деп шешіпті. Пандемия деп елге оралған соң, оқуға қайта бармаған.



«Еуропада 3 жыл тұрып, Қазақстаннан артық елдің жоғын түсіндім. Болашағымды да осы жермен байланыстырамын. Сөзімнің бәрі өтірік сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ өз еліміздегі бірнеше саланы дамытуға үлес қосқым келеді», – деді студент Рустам Рахымов



Түлектердің алдында түрлі таңдау тұрған соң, арман қуып, мұхит асып кететіндер бар.  Шетелдік ЖОО таңдайтындардың айтуынша, білім сапасында айырмашылық жоқ.


«2018 жылдың қыркүйегінде Чехияға оқуға түстім. Алғашында білінбегенімен, 2-3 айдан соң үйді сағындым. Білім саласында айтарлықтай өзгеріс байқамадым. Елім, жерім ғой. Алысқа кетіп, әлемді аралағаным болмаса,  туған жерім ыстық екенін түсіндім», – деді қала тұрғыны Мария Насриаджиева.



«Шетелде оқып, біраз ақша құртып, соңында студенттердің көбі оқуды аяқтамай, елге келіп жатады. Әрине, экономикалық тұрғыда айырмашылық көп, қымбатшылық бар. Сондықтан, Қазақстанда оқып-ақ еңбекке араласудың мүмкіндігі бар екенін ескеру керек», – деді Туризм және қонақжайлылық кафедрасының оқытушысы Мария Веретенникова.



Тек оқу үшін емес, өзге мемлекетке жұмыс бабымен кететіндер де бар. Мәселен, маркетинг бойынша елде білім алып, жоғары оқу орнын тәмамдаған Фатима Тарғамбай былтыр жазда америкалық корпорацияға жұмысқа тұрған. Дүкенде 3 ай менеджер қызметін атқарған. Әрине, тәжірибе жинап, тіл үйренгені рас. Бірақ о бастан елге қайтуды қалаған.



«Америкадан жақсы естелік қалды. Тәжірибе жинадым. Шынымен, өмірді көрдім. Бірақ бөтен жерге тез үйрене алмадым. Жүйе басқа, талап, көзқарас бөлек. Осының бәрі менің Қазақстанға қайтуыма себеп болды», – деді қала тұрғыны Фатима Тарғамбай.



Елге оралған отандастардың айтуынш, менталитет, тіл мен өмір сүру қалпы өзгеше ортаға сіңіп кету де қиын.  

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,432 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,256 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.