AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Шетелде 100 мыңға жуық қазақстандық білім алып жат...

Шетелде 100 мыңға жуық қазақстандық білім алып жатыр

Білім және ғылым 03.07.2024, 18:01 964 yakiya
Шетелде 100 мыңға жуық қазақстандық білім алып жатыр
Almaty-akshamy.kz

Бұл туралы ANI analytics телеграм-арнасы хабарлады.

Қазақстан шетелде оқитын студенттер саны бойынша әлемде екінші орында – 91,2 мың студент елден тыс оқу орындарында білім алып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

ЮНЕСКО-ның Статистика институтының жаңартылған мәліметтеріне сәйкес, шетелде оқитын студенттердің ең көп саны Қытай мен Үндістанда тіркелген.

"Шетелде 1,021 миллион Қытай студенті оқиды, ал үндістандық студенттердің саны осы көрсеткіштің шамамен жартысы, яғни 508,2 мың. Одан кейін Вьетнам (137 мың), Германия (126,4 мың) және Өзбекстан (109,9 мың) тұр", - деп жазылған хабарламада.

Алайда, егер тиісті кезеңдегі шетелде оқитын студенттердің халық санына қатынасын есептейтін болсақ, онда Қазақстан 0,48% үлеспен қарастырылып жатқан елдер арасында бірінші орында тұр. Одан кейін Сирия (0,46%) мен Өзбекстан (0,31%) тұр.

Студенттер оқуды қалайтын елдердің рейтингі мынандай:

АҚШ (833 мың);

Ұлыбритания (601 мыңға жуық);

Австралия (378 мыңға жуық);

Германия (376 мыңнан астам);

Канада (318 мыңға жуық).

Биыл Қазақстанда 186 мың бала 11-сыныпты бітірген. Оның ішінде 7 420 түлек "Алтын белгі" белгісімен марапатталса, 13 727 түлек жалпы орта білім туралы үздік аттестатқа ие болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #білім #шетел
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);