AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Шет ел азаматының 90 мың АҚШ доллары мемлекет пайд...

Шет ел азаматының 90 мың АҚШ доллары мемлекет пайдасына тәркіленді

Заң мен тəртіп 16.04.2024, 11:32 1,560 Almaty-akshamy.kz. 
Шет ел азаматының 90 мың АҚШ доллары мемлекет пайдасына тәркіленді
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

«Атырау-Кутаиси» бағытындағы халықаралық әуе рейсіне өту барысында Грузия азаматынан 100 мың АҚШ доллары мөлшерінде қолма-қол ақша анықталған.


Оның қол жүгінде 10 мың АҚШ доллары, жол жүгінде 90 мың АҚШ доллары мөлшерінде жасырылған қаражат болған. Жасырылған ақша заң бұзушының жол жүгінде Атырау облыстық «Әуежай-Атырау» кеден бекетінің қызметкерлерімен кедендік бақылау жүргізу барысында анықталды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Бақылау шаралары Атырау облысы бойынша Шекара қызметі және Экономикалық тергеп-тексеру департаменттерінің қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілген. Заң бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Күшіне енген сот шешіміне сәйкес, 90 мың АҚШ доллары мемлекет пайдасына тәркіленді, қалған 10 мың АҚШ доллары Грузия азаматына қайтарылды. Сондай-ақ, одан 40 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл өндірілген.


Егер ЕАЭО кедендік аумағына бір уақытта әкелу немесе ЕАЭО кедендік аумағынан бір уақытта әкету кезінде мұндай қолма-қол ақша қаражатының немесе жол чектерінің жалпы сомасы кеден органына жолаушыларға арналған кедендік декларацияны ұсынған күнге қолданыста болатын валюта бағамы бойынша он мың АҚШ долларына баламалы сомадан асып кетсе, қолма-қол ақша қаражаты және (немесе) жол чектері кедендік декларациялауға жатады.


ҚР Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы №830 "Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Жарлығына сәйкес 10 мың АҚШ долларынан асатын сомада қолма-қол шетел валютасын әкетуге тыйым салынғанын еске саламыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#заң #тәркілеу #салық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);