AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Шерхан Қалмырза “Таразға” футбол клубына ауысуы мү...

Шерхан Қалмырза “Таразға” футбол клубына ауысуы мүмкін

Спорт 31.12.2025, 09:41 1,137
Шерхан Қалмырза “Таразға” футбол клубына ауысуы мүмкін
сурет: instagram/kallmurza

«Тараз» футбол клубы U-19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қақпашысы Шерхан Қалмырзаны өз сапына қосуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Клуб директоры Дидар Сыдықбектің айтуынша, алдағы күндері алматылық «Қайрат» клубына ресми ұсыныс жолданып, келіссөздер басталмақ.

"Біз Шерхан Қалмырзаға қызығушылық танытып отырмыз. Ертең ресми ұсыныс жасап, келіссөздерді бастаймыз. Ол – Жамбыл облысының тумасы", – деді клуб басшысы.

18 жастағы Шерхан Қалмырза биыл Қазақстан футболындағы ең танымал жас ойыншылардың біріне айналды. Ол Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде «Қайрат» сапында негізгі қақпашылар жарақат алған сәтте «Спортингке» (1:4) және «Реал Мадридке» (0:5) қарсы матчтарда алаңға шығып, қақпаны қорғады.

Сонымен қатар, 2025 жылы Қалмырза Қазақстанның жастар құрамасы (U-19) сапында Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінде үш матч өткізген.

Айта кетейік, өткен маусымда Бірінші лигада өнер көрсеткен «Тараз» футбол клубы чемпионатты турнир кестесінің 8-орнында аяқтаған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#шерхан қалмырза #футбол #Футбол жұлдыздары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);