Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Шерхан Мұртаза тұрған ауылдағы үй музейге айналады

Шерхан Мұртаза тұрған ауылдағы үй музейге айналады

Әлеумет 16.04.2022, 04:47 1,501
Шерхан Мұртаза тұрған ауылдағы үй музейге айналады
Cурет: Inform.kz

Бұдан бөлек өңірдегі төрт мектеп қабырғалы қаламгердің есімін еншілеген


Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның Жуалы ауданы Талапты ауылында тұрған үйі музейге айналады. Бұл туралы мәслихат депутаттарымен кездесуінде Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Кездесуде халық қалаулылары бірқатар мәселені көтеріп, ой-ұсыныстарын жеткізді.


Ерболат Саурықов ауыр жүк көліктерінің шамадан тыс жүктемесінің салдарынан жолдардың бүлініп жатқандығын, Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 90 жылдығын кең көлемде атап өту, облыс орталығынан көше атын беру секілді мәселелерді көтерді.


Өзге де халық қалаулылары әлеуметтік, ауыл шаруашылығы, білім беру салаларындағы мәселелерге назар аудартты.
Облыс әкімі мәслихаттардың жұмысының маңыздылығын баса айтып, көтерілген барлық мәселелер мен ұсыныстар ескеріліп, қарастырылатынын жеткізді.


Соның ішінде Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойын тиісті деңгейде атап өту үшін қажетті шаралар қабылданып жатқанын, тұлғаның Жуалыда өзі тұрған үйінде музейі ашылатынын атап өтті.


Бұдан бөлек өңірдегі төрт мектеп қабырғалы қаламгердің есімін еншілеген. Біртуар тұлғаның ескерткішін салу мәселесі де қаралуда.
Жалпы, Үкіметтің қаулысымен Жамбыл облысындағы 43 мектепке Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Сәкен Сейфуллин, Оралхан Бөкей, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов, Ораз Жандосов, Қаныш Сәтпаев, Мұхтар Әуезов, Дінмұхамед Қонаев, Асанбай Асқаров, Шерхан Мұртаза сияқты Алаш және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, жазушылар мен басқа да тарихи тұлғалардың есімдері берілген.


Айта кетейік, осыған дейін, Таразда Шерхан Мұртаза тұрған үйге ескерткіш-тақта орнатылғанын жазған болатынбыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Шерхан Мұртаза #музей #үй
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.