AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Шаңырақ, текемет және Абай даналығы Salben Group к...

Шаңырақ, текемет және Абай даналығы Salben Group кеңсесінде заманауи стильмен үйлесім тапқан

Барлығы 11.12.2025, 16:28 716 Мингалиева Эльнара Тарихқызы Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы  қызметкері
Шаңырақ, текемет және Абай даналығы Salben Group кеңсесінде заманауи стильмен үйлесім тапқан
Salben Group

Алматы қаласындағы Salben Group кеңсесі – ұлттық болмыс пен заманауи стильдің үйлесімін тапқан ерекше этно-орта. Бұл кеңсе компания басшысы Алмат Бақытжанұлы тарихқа деген шынайы құрметін, ұлттық мәдениетті күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналдыруға деген талпынысын айқын көрсетеді. Осы мақсатпен Қоғамдық даму орталығының өкілдері компания кеңсесіне арнайы барып, ондағы ерекше рухани мәнге толы этно-әлеммен танысып қайтты.

«Тарих алыстап кеткенімен, егер біз өз дәстүрімізді сақтап, келер ұрпаққа аманаттай білсек – ол мәңгі өмір сүреді», – дейді Алматыдағы құрылыс саласында еңбек етіп келе жатқан компания басшысы Алмат Бақытжанұлы. Бұл қағида кеңсесінің әр бұрышында айқын көрініс табады.

2004 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан компанияның басты мақсаты – ұлттық мәдениетті заманауи кеңістікпен үйлестіре отырып, мәдени мұраның жаңа форматта тыныс алуына мүмкіндік ашу.

Керегелердің көне элементтері заманауи интерьері өзгеше тіпті этно нақыштағы баспалдақтарда үйлесім тауып тұр. Еденде — текемет, киіз және ұлттық өрнекті кілемдер. Бұл тек декор емес, өткенге деген құрмет, қазақы үйдің жылуын сезіндіретін ерекше атмосфера.

Залдың қақ ортасындағы әйнек үстелдің астына қамшы, өмілдірік, қоржын секілді қазақ мәдениетінің рәміздік бұйымдары қойылған.

Бүгінде Қазақстанның жалпыұлттық мағынаға ие үш басты символы сақталған:

         -        Шаңырақ - бірліктің символы

         -        Домбыра - ұлттық рухтың символы

         -        Абайдың қара сөздері - даналық пен адамгершіліктің символы

Salben Group кеңсесінде осының бәрі біртұтас композицияға айналып, заманауи бизнес-ортада этно-орталық деңгейіне сай кеңістік қалыптастырылған.

Өткеннің ізі алыстаса да, дәстүрді жалғастырар ұрпақ барда – тарих мәңгі өмір сүрмек. 

Salben Group кеңсесі – ұлттық мәдениеттің заманауи өмірмен үйлесім таба алатынын дәлелдейтін көркем орта. Мұндағы әрбір деталь дәстүрдің терең тамырынан сыр шертеді, ал заман талабына сай жасалған шешімдер ұлттық құндылықтың бүгінгі күнде де өзектілігін көрсетеді. Осындай орындар ұлттың рухани іргесін бекітіп, мәдени жалғастықтың өз үлгісін қалыптастырады.

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мәдениет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);