ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Шанхай – Алматы жаңа тікелей рейсі туризм мен әріп...

Шанхай – Алматы жаңа тікелей рейсі туризм мен әріптестікті дамытуға жол ашады

Алматы 01.07.2025, 09:14 666
Шанхай – Алматы жаңа тікелей рейсі туризм мен әріптестікті дамытуға жол ашады
Алматы әкімдігі
2025 жылы 4 шілдеде Алматыда China Eastern Airlines әуе компаниясының Шанхай – Алматы бағытындағы жаңа тікелей рейсі іске қосылады. Бұл оқиға екі мегаполистің туристік, мәдени және іскерлік...

2025 жылы 4 шілдеде Алматыда China Eastern Airlines әуе компаниясының Шанхай – Алматы бағытындағы жаңа тікелей рейсі іске қосылады. Бұл оқиға екі мегаполистің туристік, мәдени және іскерлік байланыстарын нығайту жолындағы маңызды қадам болмақ, деп хабарлайды Алматының туризм басқармасы.

Алғашқы рейс арқылы қалаға әуе компания өкілдері, Қытайдың БАҚ өкілдері мен блогерлері келмек. Бұл жоба Қытайда кеңінен насихатталып, Алматының танымалдылығын арттыруға сеп болмақ. Іс-шараға орай қаланың туризм басқармасы «Алматының символы сыйлыққа» акциясын ұйымдастырып, шаһарға ұшып келген жолаушыларды естелік кәдесыймен қарсы алуды жоспарлап отыр.

Жаңа әуе бағыты Алматы әкімдігі мен China Eastern Airlines басшылығы арасындағы 2025 жылдың ақпан айында жасалған келісімдердің нәтижесінде жүзеге асқан. Айта кету керек, бұл компанияның Орталық Азияға алғашқы рейсі.

Жаңа бағыттың іске қосылуы қаланы қытайлық туристер мен бизнес өкілдері үшін бұрынғыдан да қолжетімді ете түспек. 2025 жылы алғашқы тоқсанында Алматыға ҚХР-нан келген туристер саны 20,9 мыңнан асып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 39,9% өскен.

Бүгінде Алматыдан Бейжің, Гуанчжоу, Сиань, Үрімжі, Ханчжоу және Саньяға тікелей әуе қатынасы бар. Жаңа рейс осы бағыттарды толықтырып, екі ел арасындағы әуе қатынасының жиілігін арттырады. Қазіргі таңда бұл көрсеткіш айына 150 рейстен асады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.