AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / «Шалқар» радиосы жариялаған дикторлар байқауы өтті

«Шалқар» радиосы жариялаған дикторлар байқауы өтті

Мәдениет 30.09.2026, 13:00 214
«Шалқар» радиосы жариялаған дикторлар байқауы өтті

Алматыдағы «Қазақстан» ұлттық арнасының жаңа ғимаратында жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Биыл «Шалқар» радиосының 60 жылдық мерейтойы жыл басынан бері атап өтілуде. Мерейтойлық шаралар аясында қазақтың тұңғыш радиодикторы, Қазақ радиосының ардагері, КСРО-ның Құрметті радисі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Мина Сейітова атындағы  дикторлар байқауы  жарияланған болатын.

Байқаудың демеушісі – көрнекті жазушы «Ғабиден Құлахмет» қоры. Байқауға қатысқан 17 мен 35 жас аралығындағы үміткерлер жазушы Ғабиден Құлахмет шығармаларынан екі минуттық мәтінді оқып, аудио файлмен бірге өзінің қысқаша өмірбаянын  жолдаған болатын. Байқауда мектептің 11-сынып оқушыларынан бастап, колледж және ЖОО студенттері және әр түрлі саланың мамандары өзінің бағын сынады.

Жазушы шығармашылығына терең бойлап, өзі таңдап алған бөлімді тыңдаушыға шебер жеткізу және дауыс көркемдігі мен тіл анықтығын қазылар алқасы жіті бақылады. Нәтижесінде байқауға қырыққа жуық жұмыс келіп түсті. Байқау шарты бойынша жасы сәйкес келмей, жұмысы қабылданбаған қатысушылар да, Ә.Байжанбаев атындағы байқаудың жеңімпазы ретінде қатыса алмағандар да болды. Қалған қатысушылардың ішінен:  Бір - Бас жүлде, екі 1-орын, екі 2-орын, үш 3-орын және бес ынталандыру сыйлығының жүлдегерлері анықталды.

 «Шалқар» радиосы - қазақтың күретамыры, ұлттың үнжариясы. Ғасырлар қойнауынан келе жатқан төл мұрамызды насихаттауда өлшеусіз еңбек етіп келе жатқан ұлттық радио әлі де тың жаңалықтарымен тыңдарманын қуанта бермек.

Радио ұжымы Қазақ радиосының ардагері, КСРО-ның Құрметті радисі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Мина Сейітова атындағы  дикторлар байқауына демеушілік жасаған жазушы Ғабиден Құлахмет қорына  алғыс білдірді.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Радио
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11

Сәрсенбі күнгі ауа райы мәліметі

Бүгін 09:05

Президент тапсырмасына сәйкес автожол саласын реформалау жөніндегі үкіметтік жұмыс тобы құрылды

Бүгін 08:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);