Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Сергектіктің сыры - спортта: 90 жастағы семейлік а...

Сергектіктің сыры - спортта: 90 жастағы семейлік ата қыста коньки, жазда ролик тебеді

Әлеумет Бүгін 15:22 24
Сергектіктің сыры - спортта: 90 жастағы семейлік ата қыста коньки, жазда ролик тебеді
Коллаж: Нұрболсын Өрісұлы

Қалың қар жауып, артынан мұз қатқан шақта көпшілік үлкен кісілердің амандығын ойлап, алаңдайтыны рас. Ал Семей қаласының тұрғыны, жасы тоқсанға таяған Ақмағамбет Рахымұлы үшін қыс – қозғалыс пен сергектіктің маусымы. Желіде мұз үстінде ширақ қимылдап, коньки теуіп жүрген қарияның видеосы таралып, көпшіліктің ықыласына бөленді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Салауатты өмір салтын ұстанған ақсақалдың тыныс-тіршілігін Aqshamnews.kz тілшісі толықтырады.

70 жастан кейін басталған хобби

Кейіпкер атамыз бала күнінен қағілез әрі қабілетті екен. Конькиді бала күнінен тебе алады. Дегенмен, тұрақты қызығушылық 70 жасынан басталған. Қазір жасы 90 ға жуықтаса да, мұз үстінде еркін сырғанайды. Қарияның айтуынша, күн сайын кем дегенде 30 минут коньки тебуді әдетке айналдырған. Ал жаз мезгілінде ролик тебеді.

Мұз айдынында жүргенімді көргендер қызыға қарайды. Бірақ мен үшін бұл ермек емес, денсаулықтың кепілі. Қай спорт түрі болса да адамға күш-қуат береді. Ұзақ өмір сүрудің сыры – қозғалыста. Салауатты өмір салтын ұстана отырып, жастарға үлгі болғым келеді, – дейді ол.

Демалыс күндері мұз айдынына келген жастармен тілдесіп, ақыл-кеңесін айтып отырады. Оның пікірінше, спорт – тек дене шынықтыру ғана емес, тәртіп пен табандылықтың мектебі.

Өмір жолы – еңбек пен өнерге толы

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласының тумасы Ақмағамбет Рахымұлы жастайынан еңбекке араласқан. Өмір бойы техникалық мамандықта қызмет атқарған. Соған қарамастан өнерден де алыс болмаған: гитара, мандолина, баян аспаптарында ойнайды. Бір кездері фотограф болып та жұмыс істеген екен.

Қолөнерге бейімі ерекше – ағаштан түрлі бұйым жасап, темірден түйін түйеді. Мүсін де жасаған. Мектепте еңбек пәнінен сабақ та берген.

Зейнет жасына шықса да, еңбектен қол үзбеген. Тек 2025 жылдың мамыр айында ғана тұрақты жұмысын тоқтатқанын айтады.

Әлеуметтік желідегі жылы пікірлер

Желі қолданушылары қарияның ширақ қимылына сүйсініп, жылы лебіздерін жаудырып жатыр.

"Қысы-жазы жолдың шетімен зулап жүретін атамыз. Көрінбей кетсе, алаңдап қаламыз. Қайта көрсек қуанып қаламыз, – деп жазса, енді бірі:

Мектепке келіп бізбен бірге футбол ойнаған. Өте ашық, күшті кісі,
100 жасаңыз, ата! – деген тілектерін білдірген.

Ұрпаққа үлгі

Ақмағамбет Рахымұлы – үлкен әулеттің ақсақалы. Үлкен баласы 66 жаста. Немере, шөбере сүйіп отырған ата. Шөберелерінің алды 17 жасқа келген.

Оның өмірлік ұстанымы қарапайым: қозғалыс – өмір, еңбек – береке. Қыс мезгілінде коньки, жазда ролик тебу – жастық шақтың емес, жігердің белгісі екенін дәлелдеп жүр.

Салауатты өмір салты, белсенді қартаю және спорттың пайдасы жайлы айтылғанда, Семейлік қарияның өмірі – нақты мысал. Жасы ұлғайса да, сергектікті серік еткен Ақмағамбет Рахымұлы көпшілікке жігер беріп, «жас - тек сан» екенін көрсетіп келеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #қария #Коньки
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

"Ақшаға қатты мұқтаж болдым". Заголовок: Түркістанда ер адам бүйрегін 13 миллион теңгеге сатпақ болған

Бүгін 16:22

Әзербайжанда Тоқаевтың экологиялық бастамалары талқыланды

Бүгін 16:06

"Еуропалықтар таңғалып жазады". Футболдан алты жасар вундеркинд Айсұлтанның таланты таңдай қақтырды

Бүгін 16:05

Алматы облысында жер сілкінді

Бүгін 15:51

Алматыда үш жыл ішінде жастарға арналған 11 орталық ашылып, 5 мыңнан астам іс-шара ұйымдастырылды

Бүгін 15:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі