ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдениет / Сенсацияға толы сән апталығы

Сенсацияға толы сән апталығы

Мәдениет 20.04.2023, 15:02 1,805
Сенсацияға толы сән апталығы
Сурет: ашық дереккөз
Алматыда Kazakhstan Fashion Week ұлттық сән апталығының 32-маусымы аяқталды. Онда отандық және шетелдік 17 дизайнер өз топтамаларын ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. aikyn.kz-ке сілтеме...

Алматыда Kazakhstan Fashion Week ұлттық сән апталығының 32-маусымы аяқталды. Онда отандық және шетелдік 17 дизайнер өз топтамаларын ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. aikyn.kz-ке сілтеме жасап.


Бұл жолғы апталықтың тақырыбы қонақтарға ә деген­нен-ақ белгілі болды: подиум айналасына тігілген ақшаңқан киіз үйлер мен декоративті ағаш-бұталар іс-шараның көркін келтірді. Kazakhstan Fashion Week жобасының негізін салушы әрі арт-директоры Алексей Чжей түп-тамырымызға тереңінен үңі­ле­тінімізді, сондықтан топтама­ларда, безендіруде, сондай-ақ стилизацияда этникалық эле­мент­­тер басым болатынын мә­лім­деді. Сән көрсетіліміне келген қонақтардың өзі бірі тақиясын, бірі шапанын киіп, енді бірі ұлттық әшекейін тағып келген. 



Ұлттық сән апталығының 32-маусымында халықаралық бай­қаулардың лауреаты, моде­льер Адиля Ботабаева Қазақ­стандағы алғашқы трансфор­мерлер бренді YANG LAIN-нің «Ozgeshe» топтамасымен жұрт­шы­лықты таңғалдырды. Топта­ма­ның атауы жайдан-жай таң­дал­маған екен. Yang Lain сөзі ма­лай тілінен қазақ тіліне аудар­ғанда «ешкімге ұқсамайтын» де­ген мағынаны білдіреді. Көшпен­ділер бейнесінен шабыт алған ди­зайнер қазақ мәдениетінің заманауи интерпретациядағы кейпі болып саналатын 12 транс­формер бейнесін жасаған. 



«Бренд тұжырымдамасы өн­дірушінің де, тұтынушының да саналы болуын көздейді. Функ­ционалды трансформерлерді жасау – бұл сән индустриясының қоршаған ортаға теріс әсерін азайтудың амалы. Бұл топтамада киімнің бір бөлігін немесе аксессуарды бірнеше түрде қол­дануға болады. Жаңа топтамада барлық бұйым Zero-Waste әдісі­мен жасалған: матаның қалдық­тары да кәдеге жаратылды», – деп атап өтті дизайнер.



Брендтің атап өтетін тағы бір ерекшелігі – авторлық принттер. Жаңа топтама арқылы дизайнер Адиля Ботабаева табиғатпен те­рең байланысы бар қазақ мәде­ние­тінің философиясын жеткіз­гісі келетінін айтты. Принттің негізгі элементі – түйе. 


Сән апталығында Zalkar брендінің «Аян» топтамасы да көзге түсті. Бренд дизайнері Залқар Асқаралиевтің айтуынша, топтамадағы барлық киім зығыр және мақта секілді табиғи мата­лардан тігілген. 


Ал елордалық танымал ди­зайнер Динара Сатжан Kazakhstan Fashion Week сән апта­лығын­да этно-стильде кескінделген топтамасын ұсынды. Жібек мата мен киіздің күрделі үйлесімі көрер­менді бей-жай қалдырмады.


Айтпақшы, бұл іс-шарада биылғы ең сәнді түс те аталды. Шара қатысушысы әйгілі дизай­нер Аида Кауменова өз топтама­сында таңқурай түстес киімдерді ұсынды. Дизайнердің сөзінше, Viva Magenta 18-750 деп аталатын бұл түс биыл сәнде. Ол шынайы қуанышты, өзін-өзі таныту ер­кін­дігін, оптимизмді және ша­бытты білдіреді. Айта кету керек, жылдың үздік түсін америкалық Pantone институты арнайы зерт­теулерге сүйене отырып бел­гілейді. 


Еске сала кетейік, Kazakhstan Fashion Week ұлттық сән апта­лығы 2004 жылдан бастап өткізі­ліп келеді. Еліміздің басты по­диумы республиканы ғана емес, шет елді мойындатқан бірқатар отандық дизайнердің бағын ашты. 



Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.