ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдениет / Сенатор Нұртөре Жүсіп «Alatau Аqparat» медиахолдин...

Сенатор Нұртөре Жүсіп «Alatau Аqparat» медиахолдингінің музейімен танысты

Мәдениет 12.04.2024, 11:55 1,169
Сенатор Нұртөре Жүсіп «Alatau Аqparat» медиахолдингінің музейімен танысты
Сурет: Almaty-akshamy.kz
Алматыда кешеден бері «Өңірлік мерзімді басылымдардың форумы өтуде.

Алматыда кешеден бері «Өңірлік мерзімді басылымдардың форумы өтуде.


Оған Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат комитетінің төрағасы Мейірлан Раханов, ҚР Парламенті  Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп, ҚР Парламенті  Мәжілісінің депутаттары Қазыбек Иса мен Ермұрат Бапи, ҚР Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары Ержан Байтілес, Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Есенбеков қатысып, сөз сөйледі, депхабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ақпарат саласы мамандарының басын қосқан жиынға қатысқан Парламент Сенатының депутаты, өзі де талай жыл журналистика саласында еңбек еткен, белгілі журналист Нұртөре Жүсіп «Alatau Аqparat» медиахолдінгіне ат басын бұрып, осы ұжымдағы журналистердің жұмыс барысымен танысты. Алматыдағы басты басылымдардың бірі «Алматы ақшамы» мен «Вечерний Алматы» газеттерін шығарып, «Аlmaty-akshamy.kz» және «Vecher.kz» cайттарының басын біріктіріп отырған медиахолдинг қаланың, жалпы елдің тыныс-тіршілігінен үздіксіз хабар таратып келе жатқан бірден-бір мекеме.


Айта кететіні, бүгінде бұл ұжым өзінің қалыптасу жолын, тарихын естен шығарған емес. Соның дәлелі - медихолдингтегі мұражай.



Мұражайда қазіргі заманда мүлде қолданыстан шыққан, бірақ осы басылымдардың қалыптасу тарихында журналистер қолданған бірталай дүние бар.



Олар: жазу машинкасы, факс, материал жазарда бұрын әрқашан тілшілердің жанынан табылатын сөздіктер, қолжазба кітаптар, анықтамалықтар.




Өткен күндерге деген ұжымның осындай құрметін көзбен көрген сенатор Нұртөре Жүсіп журналистика саласында осындай мұражайлардың болуы құптарлық іс екенін айтты. Айтуынша, бүгінде осы сынды құнды дүниелер біраз адамның үйлерінде шаң басып жатыр.



«Қазір қаншама үйде кезіндегі «Жұлдыз» журналының қаншама данасы, сол сияқты басқа да құнды газет-журналдар бар. Ешкім оқымай, жай шаң басып жатқанша соларды осылай көрсетіп, шығарып қойған жақсы. Сол үшін бұл өте жақсы бастама екен», - деді сенатор.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.