Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Сейфуллин көпіріндегі гранит плиталар тазарту үші...

Сейфуллин көпіріндегі гранит плиталар тазарту үшін алынады, бүтін тастар орнына қойылады

Әлеумет 09.07.2023, 08:01 1,027
Сейфуллин  көпіріндегі гранит плиталар тазарту үшін алынады, бүтін тастар орнына   қойылады
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Әлеуметтік   желілерде тараған тұтас гранитті тастардың жойылғандығы туралы ақпарат шындыққа   жанаспайды.


Алматы әкімдігі қала тұрғындары мен жұртшылық өкілдеріне ҮАК арқылы өтетін Сейфуллин көпірінде жүргізіліп жатқан жұмыстарды түсіндірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



Профильдік басқарманың хабарлауынша, тек апаттық қаптау фрагменттері өзгереді, ал 1980 жылдардан бері сақталған сапалы гранит жабыны орнында қалады.


Сейфуллин даңғылының Үлкен Алматы каналымен (ҮАК) қиылысындағы көпір өткен ғасырдың 80-жылдарында салынған. Содан бері бұл көпір құрылысы бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілген жоқ. Әр жылдары ағымдағы жөндеу аясында сынған, тозған плиталарды ішінара, бөлшектеп қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді



.


Көпірдің қаптамасында материалдың екі түрлі түрі қолданылатынын атап өткен жөн: оң жағында – гранитті тастар, сол жағында – Сейфуллин даңғылының жүру бөлігінде – қалыңдығы 20 мм кесілген гранит плиталары.



Беті жылтыр,   жақсы сақталған  бүтін  гранитті тастар ауыстырылмайды: оларды тазалау және тегістеу үшін алып тастайды, содан кейін олар осы учаскеде қайта пайдалануға және орнатуға жатады. Сайтта көзбен шолып қарау кезінде баспалдақ жиектерінде плиталарының ыдырауына қатысты  ақаулар анықталғаны, тірек қабырғаларында және құрылымның өзінде гранит плиталарының қабыршақтануы байқалғаны атап өтілді.  Мұның бәрі жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне қауіп төндірді. Жөндеу жұмыстары аясында бұл плиталар да тазартылып, бастапқы қалпына келтіріледі.



Сейфуллин даңғылының қозғалыс  бөлігінің қаптау үшін қолданылатын қалыңдығы 20 мм кесілген жалпақ гранит плиталарына келетін болсақ: бүгінгі күні оларда ақаулар мен үгінділер бар. Бұл плиталар ұқсас плиталарға ауыстырылады. Бөлшектелген және ауыстырылған плиталардың жалпы саны 25%-дан аспайды.



Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде тараған жаңа материалдардың сапасыз екені  жөнінде  тараған  шындыққа   жанаспайтын ақпаратқа қатысты  мынаны  хабарлаймыз: Орнатылатын гранит плиталарында мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің деректер тізілімінде тіркелген сәйкестік сертификаты бар. Осы сертификат тиісті түрде сәйкестендірілген әрлеу плиталары – граниттен («Желтау», «Майкөл» және «Жалғыз-5» кен орындары) жасалғандығын растайды.



Жұмыстарды биыл шілде айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда.


Көпірді жөндеу жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Түрксіб ауданы  тұрғындарының жеке өтініштері бойынша жүргізіледі.


Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 10 шілдесінде Алматы қалалық мобильділік басқармасы ҮАК арқылы Сейфуллин көпірін жөндеуге арналған БАҚ өкілдері үшін арнайы баспасөз турын өткізеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Көпір #тас
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.