Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Сегіз өңірде ХҚКО жұмысы күшейтілді

Сегіз өңірде ХҚКО жұмысы күшейтілді

Әлеумет 26.09.2022, 10:52 1,147
Сегіз өңірде ХҚКО жұмысы күшейтілді
Сурет: 24.kz

Қабылданған шаралар ХҚКО-да ЖСН алушылар кезегін азайтады.


Қазақстанға шетелдіктердің көп келуіне байланысты бір қатар өңірлердегі ХҚКО жұмысы күшейтілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz сілтеме жасап.



«Шетелдіктердің ХҚКО-ларға жаппай келуіне байланысты, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы оларды Астана және Алматы қалаларында, сондай-ақ Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Алматы облыстарындағы арнайы күшейтілген ХҚКО-ларда қабылдау туралы шешім шығарды»,- делінген хабарламада. 



Қабылданған шаралар ХҚКО-да ЖСН алушылар кезегін азайтады. Енді қонақтар сегіз облыстағы арнайы күшейтілген ХҚО-ға барып, өздеріне қажетті қызметті мына мекенжайлар бойынша ала алады:
• Алматы қ., Жетісу ауданы, Құлагер ш/а, Серіков к-сі, 6А;
• Астана қ., Сауран к-сі, 7;
• Павлодар қ., Павлов к-сі, 48;
• Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 81/2;
• Қостанай қ., Гашек к-сі, 14;
• Петропавл қ., Әуезов к-сі, 157;
• Көкшетау қ., Әуезов к-сі, 189а;
• Ақтөбе қ., Саңқыбай батыр даңғ., 249.


ЖСН алу үшін шетелдіктерден жеке басын куәландыратын құжат талап етіледі. Ал көрсетілетін қызметті алушының ресми өкілі жүгінген жағдайда, нотариалды куәландырылған сенімхат және өтініші қажет болады.


Шетелдіктер үшін ЖСН куәлігін беру мерзімі – 1 жұмыс күні. Қазақстанда ЖСН алу барлығына тегін екенін еске саламыз.
Қалған ХҚО-лар штаттық режимде дүйсенбі-жұма аралығында 9:00-ден 18:00-ге дейін, ал кезекші ХҚО-лар сенбіде 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейтінін хабарлаймыз. Қонақтар


«Мобильді ХҚКО» қосымшасы, eGov mobile, EgovKzBot2.0 телеграм-боты, eGov электронды үкімет порталы және 1414 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы ХҚКО-ға кезекке тұру үшін алдын ала тапсырыс бере алады.


Мемлекеттік корпорация болып жатқан жағдайларды ретке келтіру үшін барлық мүмкіндікті қарастырып жатыр. Осы ретте клиенттерді түсінікпен қарауға шақырамыз. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ХҚКО #ЦОН #Алматы #жұмыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.