ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Қаржы / Сауда министрлігі тұтынушылардың 690,5 млн теңгесі...

Сауда министрлігі тұтынушылардың 690,5 млн теңгесін қайта өндірді

Қаржы 22.05.2025, 12:58 709
Сауда министрлігі тұтынушылардың 690,5 млн теңгесін қайта өндірді
almaty-akshamy.kz
2025 жылғы қаңтар–сәуір айлары аралығында ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің аумақтық департаменттері азаматтардың құқықтарын жалпы...

2025 жылғы қаңтар–сәуір айлары аралығында ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің аумақтық департаменттері азаматтардың құқықтарын жалпы сомасы 690,5 млн теңгеге қорғады.

 Бұл — жүйелі әрі мақсатты жұмыстың нақты нәтижесі. Бұл кезеңде 122 тұтынушының мүддесін қорғауға бағытталған 34 резонанстық іс қаралып, 461,9 млн теңге көлемінде өтемақы қайтарылды.

Осы істердің қатарында қайтарылған сома 5 млн теңгеден асқан жағдайлар да бар. Алматы қаласында пәтер сатып алған азаматқа заңмен көмек көрсетілді. Қабырғалардағы жарықтар, жылу оқшаулауының нашарлығы және шектен тыс шу деңгейі анықталған соң, тұтынушының шағымы негізінде 25,9 млн теңге қайтарылды. Астана қаласында премиум санатындағы автокөлік сатып алған азамат көліктің рулдік басқару жүйесіндегі ақауға тап болған. Сот процесіне департаменттің қатысуымен сатушыдан 45,8 млн теңге өндіру туралы шешім қабылданды. Мұндай ақауы бар автокөлікке қатысты істердің жалпы саны 21, ал қайтарылған қаражат көлемі 338,2 млн теңге. Сонымен қатар, Павлодар облысында үш тұтынушыға 53,8 млн теңге, Қызылорда облысында техникалық талаптарға сай келмеген ойын жабдықтарын сатып алған тұтынушыға 6,4 млн теңге қайтарылды.

Бірнеше адамның құқықтары бұзылған ұжымдық шағымдарға да ерекше назарда. Павлодар облысында толық ақпарат берілмей рәсімделген косметикалық өнімдерге арналған несиелер бойынша 17 тұтынушыға 9,1 млн теңге қайтарылды. Түркістан, Жамбыл облыстарында және Шымкент қаласында тағы 33 тұтынушы сапасыз массаж жабдықтары, тұрмыстық техника және орындалмаған шипажай жолдамалары үшін 7,5 млн теңге көлемінде қаражаттарын қайтарып алды. Атап айтқанда, Шымкент қаласында бес тұтынушыға 1,3 млн теңге, Сарыағаш ауданында шипажай жолдамалары үшін төленген 1 млн теңге қайтарылды.

Кейбір даулар сот арқылы шешілді, өйткені құқық бұзушылықтар ондаған тұтынушыны қамтыды. Жетісу облысында смартфонды жеткізбегені үшін департамент сотқа жүгініп, нәтижесінде 17 тұтынушыға 7,2 млн теңге қайтару туралы шешім шықты. Оның ішінде тоғыз тұтынушы ақшасын сот шешіміне дейін қайтарып алған. Павлодар облысында көрсетілмеген қызметке қатысты дау медиация тәртібімен аяқталып, 12 тұтынушыға 900 мың теңге қайтарылды.

Бұл төрт айдың қорытындысы аумақтық департаменттердің тұтынушылардың құқықтарын қорғаудағы рөлінің артып келе жатқанын көрсетеді. Құны жоғары тауарларға қатысты жеке даулардан бастап ұжымдық мәселелерге дейін — әрбір қорғалған іс елімізде тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесінің нақты әрі тиімді жұмыс істеп отырғанын дәлелдейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.