Бұл туралы Бас прокуратура ескерту жасап, азаматтарды сақ болуға шақырды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Алматы қаласының цифрландыру басқармасы SMS-хабарламалар және мессенджерлер арқылы «жіберіп алған жеткізілім» туралы жалған хабарламаларды таратуға байланысты интернет-алаяқтықтың жаңа схемасы анықталғанын хабарлайды.
Алаяқтар азаматтарға курьерлік және логистикалық қызметтердің атынан жалған интернет-ресурстарға сілтемелері бар хабарламалар жібереді. Аталған ресурстарда қайта жеткізуді рәсімдеу сылтауымен дербес және банк деректері сұралады, сондай-ақ жеткізу үшін шағын мөлшерде төлем жасау талап етіледі.