Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Сапалы қызмет алу – әрбір азаматтың құқығы

Сапалы қызмет алу – әрбір азаматтың құқығы

Әлеумет 21.10.2024, 18:25 990
Сапалы қызмет алу – әрбір азаматтың құқығы
almaty-akshamy.kz

Әрбір азамат сапалы қызмет алуға құқылы, бұл жағдайда мемлекеттік қызметтер туралы айтып отырмыз. Мемлекеттік қызметтер көрсетілетін тізілімде көзделген қызметтердің саны бүгінде шамамен 1327-ні құрайды және ол тұрақты өзгеру үстінде.

Әрбір қызмет үшін көрсетілетін қызметтің тәртібі, мерзімдері, қызметті беруші туралы мәліметтер, ұсынылатын құжаттар тізімі және бас тарту негіздері заңнамалық түрде реттелген арнайы ережелермен белгіленген. Барлық қызмет көрсетушілер осы ережелерді қатаң сақтауы тиіс.

Алайда, бұл нормалар әрдайым сақтала бермейді. Қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы, артық құжаттар талап етілуі, қызмет көрсету процесінің бұзылуы, негізсіз бас тартулар сияқты жағдайлар жиі орын алады. Нәтижесінде халық моральдық ғана емес, материалдық шығындарға да ұшырайды: мәмілелер бұзылып, уақыт жоғалып, қаржы шығындары пайда болады.

Тәжірибе көрсеткендей, азаматтардың өздері бұл бұзушылықтар туралы көбінесе білмейді немесе байқамайды.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі осы бағыттағы жұмыс жай-күйін қашықтан мониторинг жүйесі арқылы бақылап отырады. Бұл жүйе нақты уақыт режимінде қызмет көрсету процесін, оның мерзімдерін және бұзушылықтарды қадағалауға, сол арқылы алдын алу шараларын дер кезінде қабылдауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, заңнамада көрсетілетін қызметті берушілердің ақпараттық ресурстарын жаңартып отыру міндеті нақты көрсетілген. Дегенмен, барлық көрсетілетін қызметті берушілер интернет-ресурстардағы өз парақшаларын сапалы толтыруды қадағаламайды. Мысалы, кейбір ресурстарда күші жойылған құқықтық актілерге сілтемелер жасалуы мүмкін.

Ақпараттың қолжетімділігі мен өзектілігі маңызды болғандықтан, біз мемлекеттік органның атауы, байланыс деректері, құрылымдық мәліметтер және қызметтері туралы ақпаратты үнемі жаңартып отыруды талап етеміз. Әрбір азаматтың қажетті ақпаратты толық және нақты алу құқығы бар.

Мысалы, Алматы қаласының 170 мектебінің сайттарына қашықтықтан бақылау жүргізу барысында, күші жойылған нормативтік-құқықтық актілер анықталды, нәтижесінде кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылды.

Қоғам өкілдерінің қатысуымен 8 мемлекеттік органға қоғамдық мониторинг жүргізіліп, нәтижесінде 271 бұзушылық анықталды. Халықтың әлеуметтік осал топтары және барлық азаматтар үшін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі тексерілді. Бұл тексеріс ғимаратқа кіруден бастап, қызмет көрсету процесінің сапасына дейін қамтылды. Аталған бұзушылықтар ХҚКО филиалдарында және кейбір мемлекеттік органдарда орын алды.

Департамент мұндай бақылау шараларын тұрақты түрде жүргізеді. Мақсаты – барлық азаматтарға мемлекеттік қызметтерді қарапайым, жедел және қолжетімді ету.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тұтынушы #Сапа #мониторинг
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.