AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Көрме / Санкт-Петербургте қазақстандық мүсіншінің көрмесі...

Санкт-Петербургте қазақстандық мүсіншінің көрмесі ашылды

Көрме 13.07.2022, 08:46 3,694
Санкт-Петербургте қазақстандық мүсіншінің көрмесі ашылды
Сурет: Qazaqtv.com


Ресейде қазақстандық мүсіншінің жеке көрмесі ашылды.


Тарих, атамекен, дүниетаным. Тамерлан Тлес өз туындыларында осы тақырыптарды қозғайды. Шебер өз еңбектерінде қазақ халқының дүниетанымын ұлттық тарих арқылы көрсетуге тырысады. Сондай жұмыстардың бірі – «Өмір» панносы. Онымен жұмыс істеу барысында суретші өте сирек матариалдарды іздеп, үш құрлықты шарлаған. Жаңа материалдармен жұмыс істеуді хас шеберлерден меңгеріп те қайтқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com-ға сілтеме жасап.


Тамерлан Тлес ежелгі қолөнер әдістерін өзінше жетілдіріп, заманауи технологиялармен шебер үйлестіре алатынымен ерекшеленеді. Экспозицияның өзі өнер тілімен жеткізілген хикая сынды. Қазақстандық мүсіншінің Санкт-Петербургтегі көрмесі қазанның 9-ына дейін жалғасады.



«Жергілікті тұрғындардың Қазақстан туралы білімі көп емес. Қазақстан – тарихы ежелден тамыр тартқан, мәдениеті бай, философиясы терең керемет ел. Тамерлан оны өз шығармашылығымен жақсы жеткізе білген. Шығармашылығы әрқилы әрі қолданатын материалдары да сан түрлі. Тасты да, мамонт мүйізін де, металл мен бағалы тастарды шебер үйлестіре біледі. Осы жерде қазақ халқының дәстүрлі өмірінен сыр шертетін еңбектерді тамашалауға болады. Таңқалдырарлық», - дейді Мемлекеттік шығыс музейінің ғылыми қызметкері Мария Филатова. 


«Келген қонақтар қазақ мәдениеті туралы хабар алып, сұрақ қойып жатыр. Салт-дәстүрлеріміз, көкпар ойыны туралы білгісі келгендер көп болды.  Қазақ халқының мәдениетін таныстыру – мен үшін құрмет. Өнер арқылы халықтарды жақындастыру, төл мәдениетімізді кеңге таныстыру үшін еңбек етіп келеміз», - дейді мүсінші Тамерлан Тлес. 



.


 


 









Телеграм арнаға жазылыңыз
#мүсінші #Көрме #мәдениет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);