ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Экономика / «Самұрық-Қазына» қорында сатып алудың жаңа тәртібі...

«Самұрық-Қазына» қорында сатып алудың жаңа тәртібі әзірленді

Экономика 18.02.2022, 06:45 2,329
«Самұрық-Қазына» қорында сатып алудың жаңа тәртібі әзірленді
Inform.kz
«Самұрық-Қазына» ұлттық әлеуметтік қорында сатып алудың жаңа тәртібі әзірленді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов мәлім етті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әлеуметтік қорында сатып алудың жаңа тәртібі әзірленді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов мәлім етті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, адами факторды азайту мақсатында мемлекеттік бақылаудағы тәуекелдерді басқару жүйесі автоматтандырылады. Соның нәтижесінде бақылау және қадағалау органдары бизнестің неғұрлым проблемалы субъектілеріне шоғырланады. Бұл ретте заңға бағынатын кәсіпкерлерге әкімшілік қысым төмендейді. Бәсекелестік аясын елеулі түрде кеңейтіп, барлық кәсіпкерлер үшін шын мәнінде тең мүмкіндіктер туғызып, монополияландыруды тоқтату керек», - деді Әлихан Смайылов елордада өтіп жатқан «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының кезектен тыс ІХ съезінде.



Оның айтуынша, өңірлерде шағын және орта бизнеске басымдық беру қажет. Сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларын ұсынудың тиімділігі мен ашықтығын арттыруда жаңа міндет тұр.



«Самұрық-Қазына» қорында сатып алуды жүзеге асырудың жаңа тәртібінің жобасы әзірленді. Ол бірінші кезекте сатып алудың ашықтығын арттыруға және оңайлатуға, жергілікті өндірушілер мен жеткізушілерді қолдауға бағытталған. Бұл шаралар 10 мың шағын және орта бизнес субъектісіне көмектесуге мүмкіндік береді. Отандық тауар өндірушілерден 400 млрд теңгеге шамамен 10 мың тауар позициясы сатып алынады. Одан басқа, заң жүзінде ашықтықты арттыру және жер қойнауын пайдалану құқығын беру және келісімшарттардың талаптарын өзгерту рәсімдерін оңайлату жоспарлануда», - дейді ол.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,429 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.