Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Салық реформасы: қаржы вице-министрі Ержан Біржано...

Салық реформасы: қаржы вице-министрі Ержан Біржанов ШҚО кәсіпкерлерімен кездесті

Әлеумет 14.02.2025, 12:15 1,001
Салық реформасы: қаржы вице-министрі Ержан Біржанов ШҚО кәсіпкерлерімен кездесті
primeminister.kz
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Шығыс Қазақстан облысында кәсіпкерлермен кездесіп, салық реформасындағы өзгерістерді түсіндірді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

 Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Шығыс Қазақстан облысында кәсіпкерлермен кездесіп, салық реформасындағы өзгерістерді түсіндірді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Үкімет қосылған құн салығының (ҚҚС) мөлшерлемесін әр салаға сай сараланған түрде өсіруді ұсынып отыр. Жалпы мөлшерлеме – 16%, аралық мөлшерлеме – 10%, ал ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін 0% мөлшерінде босату қарастырылған.

Вице-министрдің айтуынша, ҚҚС бойынша есепке қою шегін 80 млн теңгеден 15 млн теңгеге дейін төмендету, сондай-ақ арнайы салықтық режимдерді реформалау қажет. Ал арнайы салықтық режим мен бөлшек салықты трансформациялау жоспарланып отыр.

Қазір жеңілдетілген декларация жүйесі жылдық кірісі 180 млн теңгеге дейінгі, жұмысшылар саны 30 адамға дейінгі кәсіпкерлер үшін 2% мөлшерлемені қарастырады. Бұған қоса, формальды түрде бөлшек салық жүйесі болған. Ол жылдық айналымы 2,4 млрд теңгеге дейінгі бизнесті қамтыды. Онда қызметкерлер санына шектеу қойылмаған және маслихаттардың шешімімен 4% мөлшерлемесін екі есе төмендету мүмкіндігі болған.

Енді осы екі режимді біртұтас жеңілдетілген декларация форматына біріктіру көзделіп отыр, бұл ретте кірістің жоғарғы шегі сақталады – ол шамамен 2,4 млрд теңгені құрайды.

Салықтық түсімдерді арттыру мәселесі алдағы реформаның негізгі тақырыптарының бірі болып отыр. Үкімет бюджетке тұрақты кіріс көзін қамтамасыз етуді, Ұлттық қорға тәуелділікті төмендетуді және бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасауды көздейді. Алайда бұл мақсаттарға жету үшін салық саясатының инвестициялық өзгерістерге, компаниялардың бәсекеге қабілеттілігіне және экономикалық өсімге ықпалын ескеру қажет.

Салық реформасын жетілдіру барлық мүдделі тараптардың пікірлерін ескере отырып жүргізіледі. Салық жүйесін жаңғырту – бизнестің дамуына кері әсер етпейтіндей әрі экономиканың бәсекеге қабілеттілігін сақтайтындай етіп жүргізу маңызды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,461 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,270 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,353 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,993 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,191 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.