ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты тергеу аяқтал...

Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты тергеу аяқталды

Заң мен тəртіп 08.01.2024, 16:59 1,087
Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты тергеу аяқталды
Сурет: Kursiv.media
Алматы қаласы адвокаттар алқасының адвокаты Жанна Мұхамади Cалтанат Нүкенованың өліміне қатысты тергеу сараптамасы жайлы ойымен әлеуметтік желіде бөлісті.

Алматы қаласы адвокаттар алқасының адвокаты Жанна Мұхамади Cалтанат Нүкенованың өліміне қатысты тергеу сараптамасы жайлы ойымен әлеуметтік желіде бөлісті. 


Адвокатың айтуынша, Салтанат Нүкенованың өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеудің аяқталғаны туралы адвокаттар алқасына өткен аптаның соңында хабарланған.



«Қазіргі уақытта бізді іс бойынша жүргізілген барлық сараптамалармен таныстырды. Бірақ біз қылмыстық істің материалдарын әлі толық көрген жоқпыз. Менің мұндай істерде өте үлкен тәжірибем бар, мен бұрын адам өліміне қатысты істермен айналысқанмын, бірақ сарапшылардың тұжырымдары мені  таң қалдырып отыр. Мен мұндай қатыгездікті, салқынқандылықты ешқашан көрген емеспін. Қазіргі уақытта Салтанаттың туыстарына деген құрметпен, біз кісі өлтірудің егжей-тегжейі жайлы айта алмаймыз. Тараптар істің материалдарымен танысқаннан кейін және қорғау туралы өтініштерден кейін іс шешім қабылдау үшін прокуратураға жіберіледі.


Прокуратура мен ІІМ өкілдері БАҚ-қа бұл іс бойынша күдіктінің ағасы қамауға алынғанын мәлімдеді.


Мен бұрын жазғанымдай, біз істің барлық материалдарымен әлі танысқан жоқпыз, бірақ тәжірибеге сүйене отырып, күдіктінің ағасына ҚР ҚК 434-бабы (Қылмыс туралы хабарламау) бойынша айып тағылуы тиіс.


Баптың диспозициясы: «жасалғалы жатқан немесе ЖАСАЛЫП БОЛҒАН АСА АУЫР ҚЫЛМЫС  туралы хабарламау - алты мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзету жұмыстарына не алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады», - дейді адвокат.



Ж.Мұхамадидің сөзінше, осы санаттағы істер -  қолданыстағы қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес, қылмыс жайлы хабарламау кісі өлтіру жөніндегі негізгі іспен бірге сотқа жіберіледі. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,297 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.