ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Өмір-өзен / Сайлау жарияланғалы кибершабуылдар күшейді

Сайлау жарияланғалы кибершабуылдар күшейді

Өмір-өзен 30.09.2022, 11:14 1,808
Сайлау жарияланғалы кибершабуылдар күшейді
Сурет: Slovoidilo.ua
Президенттің өзі мұның жай еместігін айтты.

Президенттің өзі мұның жай еместігін айтты.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс президент сайлауы жарияланғалы бері елімізге кибершабуыл күшейгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап.


Президент сайлау науқаны кезінде ел мүддесіне кереғар пікір айтатын, тіпті, жалған ақпарат тарататын адамдар пайда болуы мүмкін екенін ескертіп, халықты сақ болуға үндеді.


Тоқаев соңғы күндері Қазақстанға жасалып жатқан кибершабуылдарды алдағы кезектен тыс президент сайлауымен байланыстырды.



«Сайлау жарияланған соң, түрлі жалған деректер, ақпарат, яғни фейктер таратылып, кибершабуылдар күшейді. Бұл жайдан жай емес. Кейбір күштер шетелден осындай әрекеттерді ұйымдастырып, ел ішіне іріткі салуды көздейді. Олар Қазақстанда оң өзгерістерге кедергі жасағысы келеді. Бірақ біз бағытымыздан таймаймыз», - деді ол Абай облысының жұртшылығымен кездесуінде.



Айтуынша, биыл жазда өткен референдум нәтижесі бағдарымыздың дұрыстығын көрсетті. Жұртшылық Ата заңға ұсынылған өзгерістерді қолдады. Конституциялық реформа саяси жаңғыру жолындағы маңызды қадам болды.



«Билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік нығая түсті. «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидаты орнықты. Бұл Президенттік Республика болады деген сөз. Расында, ел басқаратын президент құзырлы, күшті болуы керек. Әйтпесе, кейбір басқа елдердегі сияқты тәртіпсіздікке ұшырауымыз мүмкін. Ал, ондай жағдай халқымызға қасірет әкеледі», - деп санайды Тоқаев.



Мемлекет басшысы келесі жылы мәжіліс пен мәслихат депутаттары аралас жүйе бойынша сайланатынын еске салды.


Ал өңір басшылары баламалы жолмен таңдалады. Ауыл әкімдерін тікелей сайлау тәсілі енгізілді.


Сонымен қатар саяси партияларға заң жүзінде тың мүмкіндіктер берілді. Жұрттың мемлекетті басқару ісіне атсалысуына жол ашылды, деді президент.


Айта кетері, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Абай облысына барды.


Еске салсақ, жуырда Мемлекеттік техникалық қызмет бірнеше күннен бері қазақстандық интернет сегменіне кибершабуылдар жасалып жатқанын хабарлады.


Ведомство мәліметінше, мақсатты кибершабуылдар елдің мемлекеттік органдарына және Қазнеттің инфрақұрылымына бағытталған. Кибершабуыл салдарынан интернет байланысының нашарлауы байқалады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,429 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.