ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / Сағынтаев мұғалімдер үшін Digital Ustaz Almaty жа...

Сағынтаев мұғалімдер үшін Digital Ustaz Almaty жаңа байқауының басталғанын хабарлады

Білім және ғылым 25.08.2021, 13:49 1,952
Сағынтаев мұғалімдер үшін Digital  Ustaz Almaty жаңа байқауының басталғанын хабарлады
Сурет: Almaty.tv
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы мектептері постковидтік кезеңде: Білім сапасы, балалардың денсаулығы және отбасының рөлі» форумында мұғалімдердің кәсіби өсуін қолдау мен...

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы мектептері постковидтік кезеңде: Білім сапасы, балалардың денсаулығы және отбасының рөлі» форумында мұғалімдердің кәсіби өсуін қолдау мен ынталандырудың жаңа шаралары туралы айтты.


Бақытжан Сағынтаев форумға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде форумда дәстүрлі форматтағы жұмысты жаңғырту үшін алда тұрған маңызды міндеттердің талқыланғанын атап өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«Бұл міндеттерді тиімді шешуде басты рөл мұғалімдерге тиесілі.  Сондықтан жаңа оқу жылында біз мұғалімдерді қолдау шараларын жүзеге асыруды жалғастырамыз, бірінші кезекте олардың кәсіби шеберліктерінің өсуін ынталандырамыз», - деп атап өтті мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев.



Онлайн-оқыту тәжірибесі бүгінде мектептердің жаңашылдыққа, инновацияға ашық, өзін үнемі дамытуға және шығармашылық өсуге ұмтылатын мұғалімдер  мұқтаж екенін айқын көрсетті.



«Біз мұғалімдерге осындай мүмкіндік бергіміз келеді, сондықтан бүгін біз Н.Назарбаевтың білім қорымен бірге  басты мақсаты цифрлық технологияларды оқыту мен меңгеруді және цифрлық педагогиканың үздік әдістері тәжірибесін үйрететін Digital Ustaz Almaty жаңа байқауының басталғанын хабарлаймыз», - деді Алматы әкімі.



Байқау 3 кезеңде өтеді, олардың әрқайсысына білім беру саласындағы вебинарлар мен шеберлік сағаттарының, көшбасшылардың жетекші халықаралық спикерлері қатысады.


Байқау жеңімпаздары үшін бағалы сыйлықтар қарастырылған, ал бірінші орын иегері білім тағылымдамасынан өту үшін Лондонға немесе Хельсинкиге барады.



«Мұғалімдерді Digital Ustaz Almaty байқауына белсенді қатысуға шақырамын. Осылайша олар біліктіліктерін арттырумен қатар цифрлық дәуірде жұмыс істеудің жаңа тәсілдерін зерттеуге қадам жасайтын болады», - деп Бақытжан Сағынтаев қаланың педагогика  қауымдастығына назар аударды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,254 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.