AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Розыбакиев пен Байқадамов көшелерінің қиылысында к...

Розыбакиев пен Байқадамов көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Барлығы 15.08.2025, 11:01 561 Сұлу
Розыбакиев пен Байқадамов көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы уақытша шектеледі
Алматы қаласы әкімдігі

Алматының Бостандық ауданында жылу құбырларын жаңғыртуға байланысты Розыбакиев пен Байқадамов көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы шектеледі, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

Алдағы жылыту маусымына дайындық барысында Алматының Бостандық ауданында жылу желілерін жоспарлы қайта жаңғырту жалғасуда. Бұл жұмыс аясында 1984 жылы пайдалануға берілген жалпы ұзындығы 1,2 шақырымдық жылу магистралі ауыстырылады.

Осыған байланысты 2025 жылы 16 тамыздан 27 тамызға дейін Розыбакиев пен Байкадамов көшелерінің қиылысында автокөлік қозғалысы уақытша тоқтатылады.

Бұл шектеулер аталған көшенің астынан өтетін құбыр желісін қайта жаңарту бойынша жоспарлы жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізіледі. Жаңарту жұмыстары кезінде тұтынушыларға ыстық су беру тоқтатылмайды. 

Аталған жылу магистралі 97 көппәтерлі тұрғын үйді, 12 жеке тұрғын үйді, 4 балабақшаны, 2 аурухананы және 27 өзге де нысанды жылу энергиясымен және ыстық сумен қамтамасыз етеді.

Жалпы, биыл қала бойынша 39 шақырым жылу желісін қайта жаңарту жоспарланған. Бұл тозу деңгейін 54%-ға дейін төмендетеді. 

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармаларының әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ «2GIS» және «Яндекс карталар» сервистерінде жарияланған. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Көше #жабылу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);