AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Республикалық «Үздік имам» сайысының жеңімпаздары...

Республикалық «Үздік имам» сайысының жеңімпаздары марапатталды

Әлеумет 04.12.2025, 12:03 515
Республикалық «Үздік имам»  сайысының жеңімпаздары марапатталды
 ҚМДБ Баспасөз қызметі    

Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өткен І республикалық «Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының салтанатты марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz  ҚМДБ Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.    

Марапаттау рәсіміне арнайы қатысқан ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы сайыстың маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға ризашылығын білдірді.

«Бүгінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басты міндетінің бірі– дін қызметкерлерінің біліктілігін үздіксіз көтеріп, ел бірлігіне, қоғам тұрақтылығына, отбасы құндылықтарына, ізгілік пен адамгершілікке үндейтін сауатты діни кадрлар даярлау. Өйткені имам мешіт қызметкері ғана емес, ол қоғамның рухани тірегі, ұлттық тәрбиенің, ел тыныштығы мен ұлт бірлігінің ұйытқысы. Бүгінгі білім сайысы әрбір имамның өз әлеуетін көрсетіп, білімін шыңдап, тәжірибесін байытуына үлкен мүмкіндіктуғызды деп есептеймін. Білім сайысына еліміздің әр облысынан іріктеліп келген ең үздік имамдар өздерінің білімі мен парасын паш етті. Сондықтан осы сайысқа қатысқан әрбір имам жеңімпаз атанды деп санаймын. Алла қаласа, имамдар арасындағы бұл жарыс жыл сайын жаңа деңгейде ұйымдастырылып, дәстүрге айналады деген сенімдемін», – деді Бас мүфти.

Әділқазылар алқасының шешімімен І республикалық «Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары төмендегідей:

- I орын: Бекзат Азатбекұлы Құсанбаев – ШҚО, Өскемен қалалық орталық мешітінің наиб имамы (500 мың теңге) 

- II орын: Нұрлан Мұрат – Жамбыл облыстық «Һибатулла Тараз» мешітінің наиб имамы (400 мың теңге)

- III орын: Қуаныш Тоқсанбайұлы Әбішев – Алматы қалалық Орталық мешітінің наиб имамы (300 мың теңге)

Сонымен қатар, жарысқа қатысып, жүлдегерлер қатарына енбеген имамдарға  50 000 теңгеден  ынталандыру сыйақысы берілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Үздік имам
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов Қатардың Power International Holding компаниясының басшылығымен бірлескен жобалардың жүзеге асырылу барысын талқылады

Бүгін 12:45

Қазақстанда зейнетақы рәсімдеу тәртібі өзгереді

Бүгін 12:09

Алматыда 15 мың тұрғынды сумен қамтитын нысан жаңғыртылды

Бүгін 11:58

Алматыда жастар арасында кітап оқу чемпионаты басталды

Бүгін 11:23

Еуразияның бірыңғай көлік жүйесін дамыту және транзитті 100 млн тоннаға дейін ұлғайту: Астанада халықаралық көлік ынтымақтастығының басымдықтары талқыланды

Бүгін 10:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);