ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Оқиға / Республикалық жолдарда жалған не оқылмайтын нөмірі...

Республикалық жолдарда жалған не оқылмайтын нөмірі бар 900-ге жуық көлік анықталды

Оқиға 12.01.2026, 14:32 253
Республикалық жолдарда жалған не оқылмайтын нөмірі бар 900-ге жуық көлік анықталды
сурет: КазАвтоЖол
Қазақстанның республикалық маңызы бар автожолдарында өткен жедел-профилактикалық шаралар кезінде жалған, жасырылған, оқылмайтын немесе дұрыс орнатылмаған мемлекеттік нөмірі бар 900-ге жуық көлік...

Қазақстанның республикалық маңызы бар автожолдарында өткен жедел-профилактикалық шаралар кезінде жалған, жасырылған, оқылмайтын немесе дұрыс орнатылмаған мемлекеттік нөмірі бар 900-ге жуық көлік анықталды, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Мемлекеттік нөмір – көліктің міндетті сәйкестендіру белгісі. Ол кез келген уақытта анық көрініп, оңай оқылуға тиіс. Жүргізуші нөмірдің таза болуын және дұрыс бекітілуін қадағалауға міндетті. Ал нөмірсіз жүру, нөмірді қолдан жасау немесе өзгерту, сондай-ақ оны оқуға кедергі келтіретін құрылғыларды пайдалану жол ережесі мен заң талаптарын бұзуға жатады.

Шара полиция, көлік прокуратурасы және «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ филиалдарымен бірлесіп ұйымдастырылған. Мақсат – жол қауіпсіздігін арттырып, құқықбұзушылықтың алдын алу.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 1 АЕК мөлшері 4 325 теңге. ӘҚБтК-нің 590-бабы бойынша:

  • нөмірі оқылмайтын не дұрыс орнатылмаған жағдайда – 5 АЕК (21 625 тг);

  • нөмірсіз немесе тіркелмеген көлікпен жүру – 10 АЕК (43 250 тг);

  • бір жыл ішінде қайталанса – 20 АЕК (86 500 тг) немесе 1 жылға жүргізуші куәлігінен айыру;

  • қолдан жасалған нөмір орнату – 15 АЕК (64 875 тг);

  • жалған нөмірмен немесе тануға кедергі келтіретін құрылғымен жүру – 5 тәулікке дейін әкімшілік қамау және 1 жылға құқықтан айыру қарастырылған.

Мамандар жүргізушілерге жолға шығар алдында нөмірдің тазалығын тексеріп, берік бекітілгеніне көз жеткізуге кеңес береді. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.