ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Республика шаруалары 13 млн тонна астық жинап үлг...

Республика шаруалары 13 млн тонна астық жинап үлгерді

Әлеумет 17.09.2021, 08:15 652
Республика шаруалары  13 млн тонна астық жинап үлгерді
Сурет: Novoetv.kz
Бұл науқан қазан айының басында аяқталады.

Бұл науқан қазан айының басында аяқталады.


Қазан айының басында қазақстандық шаруалар астық жинау науқанын аяқтайды, бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің мамандары айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«17 қыркүйектегі жағдай бойынша, 14,1 млн гектар егіс алқабындағы дәнді және дәнді-бұршақты дақыл жиналды. Орташа өнімділік гектарына 9,2 центнерден айналды. Бұл 2020 жылғы деңгейден 22,8%-ға төмен (өткен жылдың сәйкес кезеңінде орташа өнімділік гектарына 11,9 центнерден айналды). Дәл бүгінгі күнге дейін жалпы 13 млн тонна астық жиналды, оның 10,4 млн тоннасы бидай», – делінген Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.



Бидайдан өзге мамандар 197,8 мың тонна майлы дақыл, 2 142,7 мың тонна картоп, 3 730,1 мың тонна көкөніс дақылдары, 2 581,3 мың тонна бақша дақылдарын  жинап алған. 
Егін егетін негізгі үш өңір – Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында 10,6 млн гектар егіс алқабы жиналған.Бұл жалпы алаңның 91,4%-ы. Орташа өнімділік гектарына 8,4 центнерді құрап, 8,9 млн тонна өнім жиналған. 



«Астықтың жалпы түсімі 15,3 млн тоннаға жетеді деген болжам бар. Соның ішінде бидайдың түсімі 10,5 млн тоннаға жуықтауы мүмкін. ҚР Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2021 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша республикада дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 3,5 млн тонна, оның ішінде бидай 2,8 млн тонна болған. Өткен жылдан қалған астықты есептегенде шамамен 18,8 млн тонна астық бар. Оның 13,3 млн тоннасы бидай», – деп хабарлайды мамандар.



Ресми мәлімет бойынша, егін жинау жұмыстарын уақытылы атқару үшін фермерлерге 396,5 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді. 2021 жылдың 16 қыркүйегіндегі жағдай бойынша 247,5 мың тонна (62%) жеткізілді. Мұнай өңдеу зауытындағы отынның литрі 156 теңге (тоннасы 189,0 мың теңге), операторлардың жеткізу қызметінің құнын қоса есептегенде де дизель отынының өңірлердегі орташа бағасы қымбат емес. Шаруалар дизель отынының бір литрін 177 теңгеден алады.  


Республикада сыйымдылығы 28,8 млн тонна астық сақтайтын мүмкіндік бар.  Оның ішінде астық қабылдау кәсіпорындарында 12 млн тонна, фермерлерде 16,8 млн тонна астық сақтайтын орын бар.


Биылғы егін жинау науқаны штаттық режимде және жоспарланған кестеге сәйкес жүріп жатыр. Жұмысты уақытында атқаруға қатысты барлық мәселелер Ауыл шаруашылығы министрлігінің тұрақты бақылауында. Тиісті мониторинг пен талдау жасалып отырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,276 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,179 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.