ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы көшелері / Республика күніне орай Алматының Түрксіб ауданында...

Республика күніне орай Алматының Түрксіб ауданында жаңа серуен аймақтары ашылды

Алматы көшелері 27.10.2025, 12:41 435
Республика күніне орай Алматының Түрксіб ауданында жаңа серуен аймақтары ашылды
сурет: Алматы әкімдігі
Алматының Түрксіб ауданында аумақтарды абаттандыру жұмыстары қарқынды түрде жалғасып келеді. Аудан тұрғындарының игілігі үшін бірден бірнеше жаңа демалыс аймақтары – серуен аллеяларынан бастап...

Алматының Түрксіб ауданында аумақтарды абаттандыру жұмыстары қарқынды түрде жалғасып келеді. Аудан тұрғындарының игілігі үшін бірден бірнеше жаңа демалыс аймақтары – серуен аллеяларынан бастап спорт алаңдарына дейін ашылды. Бұл туралы Түрксіб ауданының әкімдігі хабарлады.

Жас Қанат шағынауданында, Хасанғалиұлы көшесінде, жайлы қоғамдық кеңістік құрылды: асфальт және тротуар тастары төселіп, көгал егілді, жарықтандыру мен бейнебақылау камералары, перголалар, орындықтар және қоқыс жәшіктері орнатылды. Енді мұнда тұрғындар таза ауада жайлы жағдайда уақыт өткізе алады.

Сондай-ақ, Жас Қанат шағынауданында (1/42 үй) балалар және спорт алаңы жаңартылды. Футбол алаңы жөнделіп, резеңке жабыны ауыстырылды, жаңа ойын кешендері, жаттығу құрылғылары, көше шамдары мен қоршаулар орнатылды. Жаңарған аумақ аудан балалары мен жасөспірімдерінің сүйікті демалыс орнына айналды.

Магнитная көшесінде заманауи серуен аймағы абаттандырылды. Мұнда тротуар тас төселіп, орындықтар мен қоқыс жәшіктері, сәндік перголалар және суару жүйесі орнатылды. Бұл аумақ шағынаудан тұрғындары үшін жаңа жайлы серуен және демалыс орнына айналды.

Аймауытов көшесінде жарықтандыруы, орындықтары және сәндік элементтері бар жаяу жүргіншілер аймағы пайда болды. 
Бульвар бойын жас суретшілердің қылқаламынан туған картиналар көріктендіріп, кеңістікке шығармашылық леп пен ерекше болмыс сыйлады.

«Әрбір жаңа аймақ – бұл тұрғындар мен қала қонақтары белсенді демалып, спортпен айналысып, уақытын тиімді өткізе алатын жайлы, қауіпсіз және заманауи қалалық ортаны қалыптастыру жолындағы тағы бір қадам», – деді аудан әкімдігінің өкілдері.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,423 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.