AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Ресейлік блогер фотосессия үшін пілді қызғылт түск...

Ресейлік блогер фотосессия үшін пілді қызғылт түске бояған: Жануар артынша өліп қалды

Оқиға 03.04.2026, 11:01 414
Ресейлік блогер фотосессия үшін пілді қызғылт түске бояған: Жануар артынша өліп қалды
Юлия Бурулева

Үндістанда ресейлік блогердің фотосессиясы үлкен дауға ұласты. Қызғылт түске боялған піл көп ұзамай өліп, желіде жануарларды сән мен эстетика үшін пайдалануға қатысты қызу талқы басталды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алдын ала мәлімет бойынша, 65 жастағы жануардың өліміне қолданылған бояу құрамындағы уытты заттар мен фотосессия кезіндегі күйзеліс әсер етуі мүмкін. Мамандардың айтуынша, тіпті табиғи деп сипатталатын бояғыштардың өзінде жануар ағзасына зиян келтіретін пигменттер болуы ықтимал.

Ресейлік фотограф Юлия Бурулева фототүсірілімді Үндістанның Джайпур қаласында ұйымдастырған. Ерекше қызғылт реңкті сәулетімен танымал бұл шаһарды жұрт «Қызғылт қала» деп атайды. Фотосессия тұжырымдамасына сай блогер піл мен үндістандық модельді қызғылт түске бояған.

Блогердің өзі жануарға зиянсыз, табиғи бояу қолданғанын мәлімдеді. Соған қарамастан, жергілікті тұрғындар мен әлеуметтік желі қолданушылары бұл әрекетті қатты сынға алды. Олар жануарларды эстетикалық мақсатта пайдалану дұрыс емес екенін айтып, фотографты жауапкершілікке шақырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);