AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Ресейден ірі алаяқтыққа күдікті әйел экстрадицияла...

Ресейден ірі алаяқтыққа күдікті әйел экстрадицияланды

Заң мен тəртіп 23.12.2024, 12:10 1,008 Bakyt
Ресейден ірі алаяқтыққа күдікті әйел экстрадицияланды
Сурет: Astanatv.kz

Бас прокуратура кезекті экстрадиция туралы мәлімдеді. Қадағалаушы органның ақпараты бойынша, Қазақстанға ірі алаяқтық жасады деген күдікке ілінген Өзбекстан азаматшасы жеткізілді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

2005-2007 жылдары бұл азаматша Алматы қаласындағы құрылыс компаниясында есепші болып жұмыс істеген. Ол үлескерлерден ақша қабылдап, жалған түбіртектер жазып берген. Алайда, тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталмаған.

«Оның және қылмысқа қатысы бар басқа тұлғалардың әрекеттерінің салдарынан Алматы қаласының 80-нен астам тұрғыны зардап шекті. Келтірілген шығын көлемі 3,7 миллиард теңгеден асты», – деп хабарлады Бас прокуратура.

Алаяқтық жасалғаннан кейін күдікті қашып кеткен және оған халықаралық іздеу жарияланған. 2023 жылдың желтоқсанында бұл әйел Ресейдің Краснодар өлкесінде ұсталды. Қазақстан прокуратурасының сұрауы бойынша, ол экстрадицияланды.

Енді күдіктіні 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру, сондай-ақ мүлкін тәркілеу жазасы күтіп тұр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#прокуратура #қылмыс #Экстрадиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);