ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Ресейде тіркеуге алынбаған көліктер жалған құжатта...

Ресейде тіркеуге алынбаған көліктер жалған құжаттармен елге кіргізіліп жатыр

Заң мен тəртіп 18.10.2021, 07:42 977
Ресейде тіркеуге алынбаған көліктер жалған құжаттармен елге кіргізіліп жатыр
Сурет: Tengrinews.kz
Ресейде тіркеуде болмаған көліктер жалған ресейлік нөмірлермен елге кіргізіліп жатыр

Ресейде тіркеуде болмаған көліктер жалған ресейлік нөмірлермен елге кіргізіліп жатыр


Бұл туралы әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов ведомствоның ақпарат алаңында өткен онлайн брифингінде айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Ішкі істер министрлігі шетелдік тіркеуі бар көліктерді сатып алудың бірнеше тәуекелі бар екенін еске салады. Біріншіден, жүргізушілерге БҰҰ-ның жол қозғалысы туралы конвенциясының талаптарын сақтау керектігін ескерген жөн. Ол бойынша сырттан әкелінген көліктер Қазақстан аумағында тіркеусіз бір жыл ғана жүре алады. Бұл уақыт біткенде, олар ел аумағынан сыртқа шығарылуы керек. Егер ол талап орындалмаса, көлік иесіне әкімшілік шара қолданылады», - дейді комитет өкілі.



Сондай-ақ, ол шетелден әкелінген көлікті тексерусіз алудың соңы қылмыстық жауапкершілікке апаруы мүмкін екенін ескертті.



«Тағы бір ескеретін тәуекел – қылмыстық қудалауға түсу тәуекелі. Қазақстандық сатып алушының шетелден әкелінетін көліктің құжаттарының шынайылығын, ұрланған немесе бұғатқа қойылған көлік екенін анықтау мүмкіндігі жоқ. Мұндай тәуекел шетелден әкелінетін көліктердің бәрінде болуы мүмкін. Салдарынан ақшаға сатып алған көлік тәркіленіп, алушының үстінен де қылмыстық іс қозғалуы мүмкін. Мысалы, тексеру кезінде осы айдың басынан бері Өскемен, Петропавл, Семей қалаларында тіркеу құжаттары мен нөмірі қолдан жасалған 80 ресейлік автомашина анықталды. Яғни, қазақстандық сатып алушы көлігі Ресейде тіркелгеніне сенімді болғанымен, Ресей Федерациясы кеден қызметімен ешбір тіркеуде болмағаны анықталды», - деді Серік Түсіпов.



Оның айтуынша, аталған көліктер бойынша Ресей Федерациясының Ішкі істер министрлігіне ресми сауал жолданған.


ІІМ өкілінің айтуынша, тиісті жауап келген соң, аталған фактілер бойынша заңнамада көрсетілген процессуалдық әрекеттер қабылданады.




Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.